Елімізде жыл сайын 2000-ға жуық адам бас және мойын обырына шалдығады

Елімізде жыл сайын 2000-ға жуық адам бас және мойын обырына шалдығады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда жыл сайын 2000-ға жуық адам бас және мойын обырына шалдығады. Өкініштісі, олардың басым бөлігі ауруын асқындырып алған. Дәрігерлердің айтуынша, дертке шалдыққандардың 50 пайызы диагноз қойғаннан кейін 1 жылдан соң көз жұматын жағдайлар жиі кездеседі. Десе де, заманауи медицинаның көмегімен науқастардың 80-90 пайызын аман алып қалуға мүмкіндік бар. Тек диагноз ертерек анықталса болғаны. Ауруды дер кезінде анықтау мақсатында отандық дәрігерлер шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып жатыр. Сонымен қатар, Алматыда бас және мойын обырын ерте кезде анықтау мақсатында апталық өтуде. Оның аясында еліміздің 5 қаласында тегін медициналық тексеру өткізіледі. Ол  18-бен 22-ші қыркүйек аралығына жоспарланған.

«Жыл сайын әлем бойынша обырға шалдыққандардың саны артып келеді. Қазір бұл кесел көзге, тамаққа, басқа шабатын жағдайлар жиі кездеседі. Әлем бойынша 700 мың адам диагноз кеш қойылғандықтан қайтыс болады. Оны емдеудің жолы бар. Тек адам өзінен өзгерісті байқай сала дәрігерге қаралу керек. Ерте анықтасақ, ерте ем жүргіземіз»,- деді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры, Диляра ҚАЙДАРОВА.

Новости партнеров