|
14.12.2016 | 10:26
10837

Алатау ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған екі орталық ашылды

Алатау ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған екі орталық ашылды

Алматы қаласындағы Алатау ауданы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған екі бірдей орталықпен толықты. Оның бірі - №7-ші психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті болса, екіншісі - №4-ші психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес орталығы. Енді аудандағы жарымжан балғындар, жасөспірімдер жоғары білімді дәрігер-мамандардың көмегіне еш кедергісіз жүгіне алады.

3 жасар Азизаның әжесімен бірге бұл орталыққа келіп жүргеніне 1 жарым ай болған. Бүлдіршіннің тілінде мүкістігі бар, сөйлеу қабілеті бұзылған. Ауданда мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесін кабинеттің ашылғанын ести салып, Эльмира Мұратбекова немересін тез арада осында алып келген.

«Қыз жөнді сөйлемейтін. 1 жарым айда біз көп нәрсе үйрендік. Үй ішімізбен қуаныштымыз. Ұйымға ризамыз. Ұстаздар сондай жақсы. Балаға да жақсы қарайды, білімдері де өте жоғары», - деді Эльмира МҰРАТБЕКОВА.

Қазір орталыққа 70 бала барып жүр. Олар тірек-қимыл аппараты бұзылған, құлағы нашар етитін, тіл мүкістігі бар балғындар. №7-ші психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде жарымжандар логопед, диффектолог, психолог мамандардың көмегін алады.  Бүлдіршіндерге жоғары білікті жас мамандар қызмет көрсетеді.

«Бұл кабинеттің ерекшелігі - сіз қазір тұрған кабинет мантиссори кабинеті деп аталады. Мұнда диффектолог мамандардан балалар өз деңгейінде көмек алады. Сонымен қатар, сенсорлық комната, ритмика кабинеттері бар. Емдік денешынықтырудың балаларға тірек қимылы бұзылған балаларға көп көмегін береді», - деді Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қоғамға бейімдеу орталығының директоры Құралай САРЫМБАЕВА.

Бұл Алматы қаласында биыл ашылып отырған 3-ші психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті. Бұған дейін Алатау ауданында мұндай орталық болмаған. Орталықтың ашылуына қатысқан Алматы қаласының әкімі ата-аналардың қуанышын көріп, бір марқайып қалды. Бауыржан Байбек балғындарға көмек көрсетуде жан-жақты қолдау қажет екендігін атап өтіп, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесін кабинеттің жұмысымен толықтай танысып шықты.

«Өмірде не болмас, бәрін өту керек бірге, қоғам болып. Елбасы әрқашан да осындай мүмкіндік жасап жатыр, қолдап жатыр. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қаламызда көптеген жағдайлар жасалып жатыр. Сондықтан табысты болыңыздар!», - деді Алматы қаласы әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Одан бөлек,  Алматы қаласы бойынша қазір 4 психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес беру және 7 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері бар. Биыл Алатау ауданында 1 кеңес беру орталығы мен 1 түзету кабинеті ашылды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мұндай орталық келесі жылы Наурызбай ауданында ашылады деп жоспарланып отыр.

Сая Меңдеке, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир