Алатау ауданында 120-дан аса заңсыз орналасқан дүңгіршік анықталған

Алатау ауданында 120-дан аса заңсыз орналасқан дүңгіршік анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алатау ауданындағы саудагерлер әкімдік қызметкерлерімен керісіп қалды. «Ақкент» маңындағы дүңгіршек иелері шенділердің шешімімен келіспей, оларға қырғидай тиді. Сөйтсе, төңіректегі 3 бірдей сауда орны да заңсыз салынған екен. Мамандар табанды қарсылыққа қарамастан, рұқсатсыз орнатылған дүңгіршектерді тиеп әкетті.    

Тәртіпке бағынбай, өз бетімен жерді заңсыз басып алып, табыс тауып отырғандардың қатары азаяр емес. Тексеріс кезінде Алатау ауданында орналасқан мына дүңгіршектер көзге түсті. Әкімдік мамандары саудагерлерге жұмыстарының заңсыз екенін түсіндіргенімен, олар ескертуге құлақ аспады.  

«Мен қайда барам? Мен «Алтын орда» базарына барып, жұмыс істей алмаймын. Қант диабетпен аударамын. 25-ке дейін көтеріледі сахарым. Мен мына жерде отырып, тек қана саудамды жасап отырам. Маған осы керек пе еді қартайған шағымда? Мен 10 соттық жер сұрап отырған жоқпын, үй сұрап отырған жоқпын», - деді саудагер Фатима РАХЫМБАЕВА.

Саудагерлер жабайы саудасын күні бойы қыздырады. Ал, кешкісін күндіз жиналған қоқыстарын осында тастап кетеді. Өздеріңіз көріп тұрғандай мына жердегі керек емес қағаздар, бума-бума салафандар жел тұрса, атойлап аспанға ұшайын деп тұр.

Саудагерлерге бұған дейін ескерту жасалыпты, алайда олар жұмыстарын жалғасытыра берген. Сондықтан шенділер сатушылардың қарсылығына қарамастан, дүңгіршектерді тиеп әкетті. Тек бір кәсіпкер сауда орнын өзі бұзуға келісті.            

«Заңға бағынбаса, құқық бұзушылықтарға әкімшілік кодекстің 204-ші бабымен әкімшілік хаттама толтырылады. Айыппұл көлемі - 5-айлық көрсеткішке дейін», - деді Алатау ауданы кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Ертай ӘЛИМОВ.

Жыл басынан бері Алатау ауданында 120-дан аса заңсыз орналасқан дүңгіршік анықталған екен. Оның 100-ден көбі осы күні сүріліп болған. Қалғаны жоспарға сай бұзылмақ.  

Өмір Әнуарбек, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы  


Новости партнеров