Алматы әуежайында заңсыз таксистерге жолаушы тасмалдауға тосқауыл қойылмақ

Алматы әуежайында заңсыз таксистерге жолаушы тасмалдауға тосқауыл қойылмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әуежайында заңсыз жолаушы тасымалдайтындар алдағы 2 айдың ішінде жоғалады. Бұл туралы Алматы қаласы авиакөлік прокуроры Дінмұхаммед Серікбаев мәлімдеді. «Олардың барлығы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ресми түрде табыс табуға көшеді», - дейді прокурор. Құзырлы орган  әуежайдың әкімшілік полиция басшысына желтоқсанның 27-не дейін жоспар құрып, осы мәселенің шешімін табуды талап етті.

Мына кадрлардан таксистердің жолаушыларға өз қызметтерін ұсынып жатқанын көруге болады. Егер, әуежай полициясы топ болып жиналған адамдарға шүйліксе, түрлі сылтаулар айтып құтылып кетеді екен. Ал, жолаушылардың өзі арызданбайды. Сондықтан тәртіп сақшылары заңсыз тасымалдаушылармен күресуге қауқарсызбыз, - дейді.

«Ұшып келген жолаушылар көбінесе арыз жазбайды. Биыл 2 адам арызданды», - деді Алматы қаласы әуежайындағы ішкі істер желілік бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесініің басшысы Аян МОЛЖІГІТОВ. 

Ал, авиакөлік прокуроры бұл мәселені шешу үшін полицейлерге 1-ақ апта уақыт берді. Ендігі кездесуде тәртіп сақшылары таксишылармен күресудің тың тәсілін алып келмесе, заң аясында сөйлесуге тура келетін кесіп айтты. Сонымен қатар, ұсталған жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын көбірек жүргізу керектігін де жеткізді.

«Біз заңсыз жолаушы тасымалдайтындардың мәселесін 2 ай ішінде толық шешеміз. Әуежайдың әкімшілік полияциясы осы тұрғыда бізге жоспар дайындап келулері қажет. Осы уақытқа дейін заңсыз такси қызметін ұсынған 10-ға жуық жүргізуші патент алып, жұмыс істеп жүр екен. Бұл да нәтижені көрсетеді», - деді Алматы қаласы авиакөлік Прокуроры Дінмұхаммед СЕРІКБАЕВ.

Қазір әуежайда 4 таксо фирманың жүргізушілері жұмыс істеп жүр. Алайда «заңсыз жолаушы тасымалдайтындар жоқ болса бұлардың саны көбейіп, қызмет көрсету сапасы да өзгеретін еді деді әуежай», - қызметкерлері.   

«Заңсыз жұмыс істейтіндер салық төлеуден қашады. Ал, таксопарк қызметкерлері солардың кесірінен ақшадан қағылып жатады. Бірақ, біз мұның барлығы уақытша екенін түсіндіріп жатырмыз. Жолаушылардың мазасын алатындардың барлығы жақында жоқ болады деп ойлаймын», - деді "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ қызмет көрсету бөлімінің басшысы Николай КРЕМЕНИШ. 

Тәртіп сақшыларының сөзінше, заңсыз кәсіп жасайтындардың саны біртіндеп азайып келеді. 2016-шы жылы 66 іс сотқа жолданып, 48 жүргізуші қамауға алыныпты, қалғаны әкімшілік айыппұл арқалаған. Ал, биыл 45 адамға шағым түсіп, оның біреуі ғана заңға тартылған.    

Өмір Әнуарбек, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров