Ресейдің белгілі цирк әртістері мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасылардың бүлдіршіндеріне жабайы аңдарды қалай қолға үйрету керектігін түсіндірді. 30-ға жуық бала жыртқыш жануарларды өз көздерімен көріп, жақыннан өнерлерін тамашалады. Көрші елдің цирк майталмандары, Қазақстанның барлық қалаларын аралап, осындай шеберлік сабақтарын өткіземіз,- дейді.
«Жабайы аңдармен қалай тіл табысу керектігін үйретеміз. Жануарлар да кішкене бала секілді. Барлығын іс жүзінде көрсетпесең, түсінбейді. Біз әлі Қазақстанның біраз қалаларын аралаймыз. Соңғы қаламыз Астана болмақ. Мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар мұндай қойылымға ризашылықтарын білдіріп жатыр. Біз үшін бұл бақыт»,-деді Ресейдің цирк әртісі Артур БАГДАСАРОВ.
Өмір Әнуарбек , Алматы телеарнасы.