Алматыда өрімдей қызды айуандықпен өлтірген педофил ұсталды

Алматыда өрімдей қызды айуандықпен өлтірген педофил ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өрімдей қызды айуандықпен өлтірген педофил ұсталды. Арада  аптаға жуық уақыт өткенде қолға түскен қылмыскер оқушының туған жездесі болып шықты. Қайғылы оқиға бірнеше күн бұрын орын алса да, мәйітті полицейлер тек 1-ші сәуір күні тапқан.

Оқушы қыз айуандықпен мына пәтердің ішінде өлтірілген. Асыл арман ықшам ауданындағы 19 үйдің, 185 пәтері. Қылмыс орын алған, яғни алтыншы қабаттағы пәтерге жақын орналасқан көршілер бұндай сұмдық оқиғаны көрген жоқпыз немесе біреулердің араша сұрап, айқайлағанын естімедік дейді. Өйткені, олардың айтуынша, үйдің қабырғалары жұқа. Көршілердің  сөйлескені, балалардың жылағаны бір біріне естіліп тұрады. 

Қазір есік жабық. Тергеушілер мөр басып кеткен. Ең сұмдығы 17 жастағы оқушыны зорлап, соңында өлтірген педофил қыздың жездесі болып шыққан. Екі адым жерде тұған жігіттің педофил екеніне әлі сене алмай жүрген көршілер балаларымыз бірге ойнайтын еді дейді.

«Бір жыл болды тұрып жатқанымызға. Ондай шу болмайтын. Бәрі тыныш болатын. Егер шу болса бәрі естіліп жатады. Бұлар жақында көшіп келген. Көп танымаймыз. Квартиранттар ғой деймін. Жақында келді, міне шу болды»,- деді көршісі.

Оқушы қыз 3 тоқсанның демалысында апайының балаларын қарауға ауылдан келген. 11 сыныпта оқитын Әйгерім  дәл сол күні Ұзынағаштағы ауылына қайтпақ болған. Бірақ 35 жастағы қаскөй үйде әйелінің жоқтығын пайдаланып арам ойына келгенін істеген.

«Қарасай аудандық ішкі істер басқармасына 1-сәуір күні, яғни 2000 жылы туған қыздың жоғалғандығы туралы хабарлама келіп түседі. Сол күні түске қарай  қыздың өлі денесі табылды. Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, бүгінгі күні жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында адам өліміне қатысы бар деген күдікпен 82 жылғы Қарасай ауданының жергілікті тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды»,- деді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі, Айман МЫРЗЕКОВА.   

Қазірге Қарасай аудандық ішкі істер бөлімі мардымды ақпарат таратпай отыр. Кішкентай балалардың  үйде ұйықтап жатқанына қарамастан туған балдызын зорлап, соңында кілемге ораған күйі мәйітті диванның астына жасырған деген мәліметтер бар. Айуанның әрекетін істеген қашқын тек  арада бірнеше күн өткен соң ғана құрықталып, жасаған әрекеттерін тергеушілерге көрсетті. Қазір қылмыстық іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Әмірболат Құсайынұлы, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров