Алматы облысының тұрғыны туған балаларын өртеп, өзі де өлім құшты

Алматы облысының тұрғыны туған балаларын өртеп, өзі де өлім құшты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында жасы қырықтан асқан азамат туған балаларын өртеп, өзі де өлім құшты. Жаға ұстатар жағдай, түнде Өтеген батыр кентіндегі жатақxананың бірінде болған. Тілсіз жау ер адамның өзі мен кішкентай ұлының өмірін қиған. Ал денесінің 90 пайызын күйік шалған тұңғыш қызы қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Жантүршігерлік оқиға түнгі сағат екілерде болыпты. Ащы суға сылқия тойған ер азамат өзінің әйелін бөлмеден қуып шығып, балаларына қырғидай тиеді. Олардың үстіне бензин шашып, өртеп жіберген. Әп сәтте тұтанған тілсіз жау бөлменің күлін көкке ұшырыпты. Салдарынан отағасының өзі мен кішкентай ұлы Ерасыл осы жерде түгі қалмай жанып кеткен. Жетінші сыныпта оқитын баладан жалғыз қалған естелік тек мына кітаптар ғана.¤

Екі балалы отбасының арасында түнде қандай даудың туғаны белгісіз, әйтеуір көршілері олардың айқай-шуы мен балалардың жанұшырып жылаған дауысынан ояныпты. Бір уақытта Маxметовтер тұрған бөлмеден өрт шығып, қасындағы өзге бөлмелерге тиген. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар, жатақxана тұрғындарын түгелдей сыртқа шығарыпты. Алайда, әкесі мен ұлының өміріне араша бола алмаған. Қызыл жалын құрсауында қалған екеуі түгелдей жанып кеткен.

«Сағат түнгі екіде бәріміз шырт ұйықтап жатқан кезіміз. Сол балалардың шыр етіп айқайлап, шыңғырғанын ести сала, өзім де қорқып мына есікті ашып қалсақ, мына жердің барлығы от болып жатыр. Есікті жауып алдық, бізде сол терезеден секіреміз деп едік, әйтеуір өрт сөндірушілер үлгерді»,-деді Бақыт ИСЛАМОВА.

Көршілерінің айтуынша Маxметовтер биыл ажырасып, келіншегі Зура екі баласымен осы жатақxананы паналап жүріпті. Ал, ішкілікке жақын отағасы ащы судан ұрттаған күні мұнда келіп, бала-шағасының мазасын қашырады екен.

«Енді үнемі болып тұрады ол кикілжің. Өзім көзіммен көргем, бір емес бірнеше рет ішіп келіп жатқанын. Ал, әйелінің ішкенін көрген жоқпын. Әйелі дұрыс адам ғой»,-деді Меруерт КӘУМЕНОВА.¤

«Папасын баяғыдан танимыз ғой, күнде ішіп алып келетін үйге. Балаларына тиісіп ақша беріп, араққа жұмсайтын»,-деді Наурызбай ХАБДІЛМӘЛІК.

Жетінші сыныпта оқыған Ерасылдың орны бос тұр. Сұмдық жайтты естіген оқушылар да, мектеп ұжымы да есеңгіреп қалған. 

«Түніменен сол болған жағдайды сезгендей ұйықтамай, өзім ұйқысыз болдым. Сағат 2:40-та оянып кеттім де, сол беті таңға ұйықтаған жоқпын. Енді өте қайғылымыз барлығымыз сыныбымызбен. Ерасыл жақсы бала болатын. Үкідей желбіреп, әрқашан да ақкөңіл боп, жарқырап жүретін»,-деді Ерасылдың сынып жетекшісі, Майгүл МОЛДАНБАЕВА.

«Ерасыл біздің мектепте бірінші қыркүйектен бастап оқып жүрді. Бірақ, біз оны кішкентайынан білеміз. Өйткені, анасы біздің мектебімізде бірнеше жыл медбике болып жұмыс істеген еді. Ол өте қарапайым, сыпайы, балаларды қатты жақсы көретін, ақкөңіл жан болды»,-деді Алматы облысы Өтеген батыр кенті №38 мектеп-гимназияның директоры, Роза ШОМАНОВА.¤

Ерасылмен бірге отқа оранған әпкесі Аружанды анасы есік ашып, құтқарып үлгеріпті. Бірақ, 18 жастағы бойжеткен қазір Іле аудандық ауруxананың жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Денесінің 90 пайызын күйік шалған.¤

«Қанат Аружан бізге сағат 2:40-та келіп түсті жедел-жәрдеммен. Қазірге жағдайы өте ауыр. Қазіргі жағдайда есін жиған жоқ, есі анық емес, түскен мезеттен аппаратқа қосып, сол аппаратта жатыр. Медикаментоздың дәрінің көмектерімен ұйықтап жатыр»,-деді Алматы облысы Іле аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары, Айдар СОЛТАНҒАЗИЕВ.

Денесі мен беті түгелдей күйіп кеткен қыздың беті бері қарайтынын дәрігерлер әзірге дөп басып айта алмай отыр. Бір анығы, облыстың білікті дәрігерлерінен қызды аман алып қалу үшін, арнайы консилиум құрылыпты. Ал, Аружанды жалын шарпыған жерден алып шыққан анасы жеңіл жарақатпен құтылыпты. Қазір, болған жайтқа байланысты тергеу тағайындалды.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаға байланысты 99 баптың 2 тармағы, яғни адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеумен Іле аудандық Ішкі Істер Басқармасының қызметкерлері мен Алматы облысының Ішкі Істер Департаментінің тергеу басқармасы айналысып жатыр»,-деді Алматы облысы ІІД ресми өкілі, Көбейхан НҰРАХМЕТ.

Ащы судың кесірінен отбасын ойрандаған ер азамат пен 12 жасар ұлы Ерасылдың мәйіті жер қойнына тапсырылады.

Айдана Мейрамбайқызы, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров