Алматыда әскери-техникалық мектептің 150 оқушысы әскери ант қабылдады

Алматыда әскери-техникалық мектептің 150 оқушысы әскери ант қабылдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда әскери-техникалық мектептің 150 оқушысы әскери ант қабылдады. Негізі олар әскерге түрлі себептермен қабылданбай қалған 22-27 жас аралығындағы жоғарғы білімі бар азаматтар. 40 күндік оқу-жаттығу кезінде қару-жарақ түрлерін қолдану сынды жауынгерлік әдіс-тәсілдерді үйреніп, сарбаздықтың қыр-сырын меңгерген жастар, енді әскери билетке қол жеткізеді. Бір айдан астам уақыт ішінде  жігіттер әскери қызметтің бір жылдық бағдарламасын өткен.  

«Қатарға енді қосылған сарбаздарымыздың дайындығы жоғары деңгейде. Өйткені, олардың барлығы жоғарғы оқу орындарын тәмәмдаған. Енді салыстырып көрсек, 18 жастағы жас баланың ақпаратты қабылдауы 24-25 жастағы дипломы бар азаматпен салыстыруға келмейлі. Оқу бітіргендер тез үйреніп, алға қойған мақсатқа жетуге ұмтылады», - деді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Алматы қаласы әскери-техникалық мектебінің директоры Мирас ЖЫЛГЕЛДИН.

Әскери-техникалық мектеп елімізде 17 жыл бұрын құрылған. Осы уақытқа дейін білім ордасында 28 мыңнан астам адам әскерге даярланған. Республика бойынша аталған мектептің 15 филиалы бар. Айта кету керек, жылына 7 рет оқушыларды қабылдау өтеді. Ал қолына әскери билет тигендердің көбі болашағын әскери қызметпен байланыстырады екен.


Новости партнеров