«Жетім бұрышта» орналасқан заңсыз 20 сауда орны жермен-жексен етілді

«Жетім бұрышта» орналасқан заңсыз 20 сауда орны жермен-жексен етілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда аты көпке «Жетім бұрыш» деп танылған мекен-жайда заңсыз 20 сауда орны жермен-жексен етілді. Медеу ауданының сәулет-құрылыс бақылау басқармасы нысандардың бірнеше жыл кәсібін заңсыз дөңгелетіп жүргенін мәлімдеді. Өткен жылы 1 млн теңгеге жуық айыппұл төлеп құтылыпты. Тиісті құжаттарын заңдастырмағаны үшін биыл сүруге сот шешім шығарған. Маусым айында жалға алушы мен саудагерлерге сүрілетіні туралы ескерту жасалған. Бірақ оған да құлақ аспаған кәсіпкерлер ауыр техника келгенде ғана заттарын жинауды бастады.

«Жер учаскесінің иесі «ТОО Байқоңыр». Заңсыз құрылыс нысанын салды. Жалпы ауданы 427 шаршы. Ол П іспеттес салынған. Ол мына Мақатаев көшесі, Қонаев, Уәлиханов көшесінде салынған. Осыған дейін айыппұл салынды. Жер учаскесінің иесіне. Айыппұл төленді. Ескерту жарияланды. Ештеме тыңдамай, осыларды салып тастап, бастаған», - деді мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бас маманы Нұрпейіс КЕЛМАҒАНБЕТОВ.


Новости партнеров