Алматыда қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылған Баум тоғайы абаттандырылып жатыр. Демалыс орнында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары барысымен қала әкімі Бауыржан Байбек танысты. Бақта жасыл желек саны арттырылмақ. Атап өткенде, қайың алеясы құрылып, емен, терек ағаштары отырғызылмақ. Одан бөлек, табиғи аймақта флора мен фаунаны кеңейту міндеті қойылған.
Бір ғасырдан астам тарихы бар Баум тоғайы 140 гектарға жуық аумақты қамтиды. Демалыс орнында 100 мыңнан астам ағашы бар. Аты әйгілі орман бұған дейін Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағының қарамағында болған еді. Қазір қаланың коммуналдық меншігіне қарайды.
«Қалалықтардың демалуы үшін капитал шығынысыз және экологияға барынша аз әсер етіп, жайлы жағдай жасау қажет. Ғалымдарды тарта отырып, жасыл желекті қорғау және ұлғайту қажет, топырақтың және климаттың ерекшелігі ескеріліп, ағаштар сапалы күтілуі тиіс. Аллеяны жарықтандыру үшін жаңарған энергия көздерін пайдаланған жөн, өйткені табиғи аймақ ерекше қорғалады және мұнда инженерлік желілерді жүргізуге болмайды»,-деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.
Тоғайда жүргізілген мониторинг 2,5 гектар жерді жеке тұлғалар және автосалон иелері басып алғандығын көрсеткен. Олар көлік тұрағын жасауды көздепті. Баум тоғайында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмысы барысымен танысуға келген қала әкімі Бауыржан Байбек заңға сәйкес бақтың басып алынған жерлерін қайтаруды және көгалдандыруды тапсырды.
«139 гектаров по документам, сейчас выявили самозахват со стороны отдельных физлиц, которые расположены вдоль железной дороги. Это какие компании, кто это? Частные, огороды, жители. Около 40 домов. Сколько земли забрали? Полторы тысячи квадратных метров. Они готовы вернуть, уже поняли, провели с ними беседу»,-деді қала әкімі және Масабаев.
Демалыс орнында қоғамдық қауіпсіздікті қамту мәселесіне баса мән берілуде. Парк аумағында тәулік бойы жұмыс 4 полиция нүктесі жұмыс істейді. Оны қала мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген жеке қаржысы есебінен орнатқан. Оған қоса, бақ айналасын бақылауға жас патрульшілер де тартылмақ. Эко стильдегі навигациялық тақтайшалар ілініп, бұрын жығылған ағаштардан жасалған 20 орындық қойылған. Ал алдағы уақытта балаларға арналған ағаш қалашығы және итті серуендететін алаң салынбақ. Оған қоса, бақтың сыртқы жағын жарықтандыру жүйесі жаңартылып, Үлкен Алматы арнасы аумағында балалар алаңы жасалады.
«Жалпы жасалған жұмыстар кіре берісте кеспе тастар орнатылды, салынды. Сонымен қатар, бұл кішігірім абаттандыру жұмыстары. Өздері азаматтардан басқа да компаниялардың қаржыларына өздері көмек көрсетіп, демеушілік жұмыстар арқылы жасалып жатыр. Сонымен қатар бюджеттен қарастырылатын күрделі жобалар бар»,-деді «Медеу» өңірлік табиғи паркі директорының орынбасары Арман ШАТЫРБЕКОВ.
Шілде айында ағаштарды зиянкестерден қорғау мақсатында және жасыл желектердің иммунитетін жақсартатын заманауи препараттар сатып алынбақ. Табиғи аймақта флора мен фаунаны ұлғайту көзделіп отыр. Тоғайда санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Соңғы сенбілік кезінде 43 самосвал қоқыс шығарылған.
Перизат Көмекбайқызы, «Алматы» телеарнасы.