Алматыдағы атжалмандарды дәрімен улау жұмысы жалғасуда

Алматыдағы атжалмандарды дәрімен улау жұмысы жалғасуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы атжалмандар саны 40 пайызға азайған. Бұл жаз бойы тынымсыз жүргізілген дератизация жұмыстарының нәтижесі. Айта кетсек, егеуқұйрықтан Алатау ауданында өткен жылы 30 адам, биылғы жыл басынан бері 15 адам зардап шеккен. Бүгінде қаладағы дәрілеу жұмыстарының екінші кезеңі басталғанына екі апта болған. Мамандар жеке тұрғын үй аумақтарын дәрілеуде. Айта кетейік, улы бидай тұрғындарға таратылмайды. Мамандар аумақты өздері дәрілеуі қажет. 



"Жеке тұрғын үйдің тұрғындарынан сұраймыз. Олардың қай жерден егеуқұйрық көргенін білеміз. Біз сол жақсы қарап, зерттейміз. індері болуы мүмкін. Сол жаққа біз улы дәріні көміп тастаймыз",- деді Алматы қалалық дезинфекция орталығының бөлім басшысы, Нұрлан РАЙЫМҚҰЛОВ. 

Жыл сайын қала бойынша 38 мың гектар аумақ дәріленеді. Атжалмандарға қатысты шағым көбіне Түрксіб пен Алатау аудандарының тұрғындарынан түседі. Дезинфекция жұмыстарының екінші кезеңі 15 күннен кейін аяқталады. 

Новости партнеров