Алматы қаласының әкімі бірнеше алматылық баланың тілегін орындады

Алматы қаласының әкімі бірнеше алматылық баланың тілегін орындады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа жылдағы қуаныш. Алматы қаласының әкімі бірнеше алматылық баланың тілегін орындады. Аяз ата мен Ақшақарға хат жолдаған алматылық балалардың қиялын ақиқатқа айналдырды. «Аяз атаға хат» акциясы осыдан бір ай бұрын басталған. Былтыр мекемеге 1000 хат келсе, биыл олардың қатары 3000-ды құрапты.


Ұлпан Бейсенбаева 4 баланы жалғыз асырап отырған ана. Оның екеуі студент болса, екеуі мектеп оқушысы. Жаңа жылда балаларының қалаған сыйлығын әпере алмаймын деп уайымдап жүрген ана күтпеген жерден сыйлыққа кенелді. Баласы Аяз атадан велосипед сұраса, қызы отбасаның аман-саулығын тілеген.


«Осы Аяз атаға хат жазу керек екендігін естідім. Балаларға айтып едім. Жұмыстан келсем жазып қойыпты. Астына мен толықтырып жаздым. Сіздерге көп рахмет. Балаларым сыйлық алғаны үшін. Менде үлкен қуанышытымын»,- деді Алматы қаласының тұрғыны, Ұлпан БЕЙСЕНБАЕВА.


Әпкелі-сіңілі Сәбина мен Әминаның аралығы бір жас. Оларға Аяз ата мен Ақшақар ноутбук пен тәтті тартуларын ала келді. Қыздар оны сабақ оқу үшін сұрапты. Қазір Сәбина мен Әминаны апасы Шарофат асырап отыр екен.


«Қызым жол апатына түскен соң, немелерімді өзім бағып отырмын. Қайырымды жандар ұдайы көмек қолын созып отырады. Мереке қарсаңында оларға осындай тосынсый жасап, сый жасап отырғанына алғысым шексіз»,- деді Алматы қаласының тұрғыны, Шарофат АБДУХАМИДОВА.

 

Алматы қаласы әкімінің сыйлығын тек Наурызбай ауданының балғындарымен қатар, Алмалы ауданы жеткіншектері де алды. Темірлан ас дайындауды жақсы көреді. Болашақта осы сала маманы болуды армандайды.


«Анама көмек болсын деп өзім үлкен газ сұрағанмын және де  кухонный комбаин сұрағам. Рахмет сіздерге әкеп бергендеріңізге»,- деді Темірлан ЕРНАЗАРОВ.


Темірланнан бөлек, қала басшысы тағы үш отбасының тілегін орындады. 12 жастағы Ангелина өз хатында демми партасын жазса, 9 жастағы Марктың анасы ұлына мүгдектерге арналған арба алып беруді сұраған. Оның арбасы Латвиядан екі аптадан кейін келеді.


Перизат Көмекбайқызы, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров