Өткен түнде Алматыда стандартқа сай келмейтін 70 билборд бұзылды. Қала көркіне нұқсан келтіретін құрылғыларды түбімен алып тастады.
Мұндай типтегі билбордтар 2015 жылғы қараша айында қалалық маслихатта қабылданған стандартқа сай келмейді. Сол кезде жергілікті депутаттар барлық жарнама құрылғылары бірдей болу керек деген шешім қабылдағанды. Алайда, жарнама компаниялары бұл шешіммен келіспеді. Сотқа арыз жазып, сот қорытындысын күтті. Нәтижесінде, сот шешімі бойынша 6 компания көше бойындағы 70 биллбордты алып тастауға мәжбүр болды. Алдағы уақытта, қаланың барлық жерінде шаһарды көріктендіретін жаңа үлгідегі жарнама құрылғылары орын теппек.
"Бүгінде Алматы қаласында ережеге сай келмейтін 1645 жарнама құрылымы 594 - бұзылды. Осы уақытқа дейін қалада 464 жаңа типтегі билбордтар орнатылған. Жалпы, қаланы көріктендіру жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асуда",- деді Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы, Руслан КЕРІМБАЕВ.