ЭКСПО көрмесіне арналған билеттің миллионыншы иегері белгілі болды

ЭКСПО көрмесіне арналған билеттің миллионыншы иегері белгілі болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған билеттің миллионыншы иегері белгілі болды. Сәтті билетті сатып алған  Қайрат Мамаев Шымкент қаласының тұрғыны. Астана қаласына шақырылған азаматқа бағалы сыйлықтар табысталып, жүріс жолы мен жатын орнына кететін шығындарды ұйымдастырушылар өз мойындарына алыпты. Шымкенттік тұрғын өзінің отбасына төрт билет сатып алған екен. Арасында мерейтойлық ерекше жолдама да болған. Сонымен қатар, Алматыда мәслихат депутаттары Алатау ауданының тұрғындарына күтпеген сый жасап, ЭКСПО көрмесіне арналған 500 билет таратты. Енді көрмені ауданның 60 ардагері мен 40 қоғам белсендісі тамашалай алады. Бұдан бөлек, 400 билет аудандағы 8 мектептің мұғалімдеріне де үлестірілмек. Ал Астанадағы ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясы өкілдерінің мәліметінше, соңғы ақпарат бойынша, бір миллион 53 мың билет сатылып кеткен. Айта кетейік, Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне 39 күн қалды.

«Мені таңдаған аудан тұрғындары біздің елдің жетістіктерін көріп, өздері сезінгенін, елімізді  мақтан тұтқанын қаладым. Сол үшін де бұл шараны ұйымдастырдым. Барып, көрмені тамашалап, үйлеріне жақсы демалыс пен көңілді күймен оралады деген ойдамын», - деді мәслихат депутаты Зиятдин КАСАНОВ.


Новости партнеров