|
27.04.2017 | 10:07
7084

Қалқаман-2 ықшамауданының тұрғындары жол сапасына наразы

Қалқаман-2 ықшамауданының тұрғындары жол сапасына наразы

Алматыда 20 жылдан бері қара жол төселмеген көше бар екен. Наурызбай ауданына қарасты «Қалқаман-2» ықшамауданының тұрғындары жергілікті биліктің сөзіне әбден тойдық деп реніш білдірді. Шаңы шыққан қос көшемен жаңбыр жауа қалса, жүрудің өзі мұң болатын көрінеді.

«Қалқаман-2» ықшамауданында орналасқан Мансұр Сағатов және Жаңатай Шәрденов көшесіне жиырма жылдан бері жол төселмеген. Бүгінде жаяу жүргіншілердің өзіне күндіз емес, түнде жүру қауіпке айналған. Шұрық тесік, ойдым - ойдым болған жолдардың салдарынан талай адам сүрініп дене жарақатында алыпты. Тұрғындардың сөздерінше, жергілікті шенділер өздеріне тиесілі жұмысты дұрыс атқармайды.

«Жиырма жылдан бері жолға жарымай келеміз. Ауылдан ешқандай артықшылығы жоқ. Жергілікті әкімдікке талай рет хатта жаздық, ешқандай өзгеріс көріп отырғанымыз жоқ», - деді қала тұрғыны Зина ОТАРБАЕВА.

«Көктем мен күз айларында жүру мүмкін емес. Балаларымыз екі- үш аяқ киіммен мектепке барады. Біздің мақсатымыз - жолды жөндеп берсін, көшемізге жарық орнатып берсін әкімдік», - деді қала тұрғыны Ербол ҚҰНИЯЗОВ.  

Жиырма жылдан бері жолы жөндеу көрмеген бұл екі көшеде 300-ға жуық тұрғын тұрады. Солардың бірі - Ғалия Ахметжанова. Айтуынша, темір тұлпарымның авто бөлшектеріне үш айда 150 000 теңге ге жуық қаражат кетіруден шаршадым деп отыр.

«Менің автокөлігіме 150 000-ға жуық қаражат кетеді. Оның автобөлшектермен қатар ойдым жолдан асты да ұрылады. Сондықтан соларды жөндету қалтаны қағып бітірді. Шындығын айтқанда, мына жолды ретке келтірмесе, ұят жағдай болды. Біздің сөзіміз сөз жүзінде осы жерде қалып қалмаса деп тілейміз», - деді  қала тұрғыны Ғалия АХМЕТЖАНОВА.

Наурызбай ауданына қарасты «Қалқаман-2» ықшамауданы тұрғындарының мәселесін  атқа мінерлер шешіледі деп уәде етті. Тіпті, биылғы жылдан қалдырмаймыз деп отыр.

«Биылғы жылы «Қалқаман» ықшамауданындағы жолдар жөндеуден өтеді. Соның ішінде  Мансұр Сағатов  және Жаңатай Шәрденов көшелері де бар. Қазіргі таңда барлық тиісті құжаттары әзірленіп қойылды. Алдағы уақытта іске асырылады», - деді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан ДАНДЫБАЕВ.

Биылғы жылы «Қалқаман» ықшамауданында 17 шақырымды алып жатқан 33 көше күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарланған. Ал, соның ішінде  Мансұр Сағатов  және Жаңатай Шәрденов көшелері тыс қалып қалмаса тұрғындар табанымыз қара жолға тиеді үмітеніп отыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир