Биыл Қарғалы өзенінің құрылысы толық аяқталады

Биыл Қарғалы өзенінің құрылысы толық аяқталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Наурызбай ауданында орналасқан Қарғалы өзенінің құрылысы толық аяқталады. Сондай-ақ жыл соңына дейін аудан әкімшілігі ғимараты мен 2 емхана қолданысқа берілмек. Ал аудан тынысын қала басшысы Бауыржан Байбек те бақылап, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берген болатын.

Қала басшылығы Наурызбай ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмыс жайымен танысты. Белгілі болғандай, биыл ауданда Жандосов көшесінің көлемі 3 жарым метрге кеңеймек. Кеңейетін көшенің жалпы ұзындығы 2 шақырымнан асады. Сондай-ақ Қалқаман ықшам ауданында 32 көше жөндеуден өтеді.

«Жолаушылар тасымалдау және автомобиль жолдары басқармасының жобасы біздің ауданымызда және Әуезов ауданының шекарасында екі аудан ортасында іске асып жатыр. Жалпы бұл жобаның ұзындығы 2 мың 80 метр, бағасы млрд-тан астам теңге», - деді Наурызбай ауданының әкімі Сайран САЙФЕДЕНОВ.

Кеңейтілген Жандосов көшесінің жиегіне жаяу жүргіншілер жолы мен веложолақтар салынбақ. Ал жол үстіне қарама-қарсы бағытта 4 жолақ түседі.

«Жолды кеңейтуге байланысты жұмыстың 30 пайызы бітті. Құрылысқа 20 бірлік техника жұмылдырылған. Оның ішінде майда механикамен қатар, ауыр экскаваторлар бар. Қазір бұл жерде 45 адам еңбек етіп жатыр», - деді құрылысшы Николай МАЙЕР.

Бұдан бөлек шаһар басшысы ауданда салынып жатқан көпірдің жұмысымен танысты. Жандосов көшесін қиып өтетін Қарғалы өзенінің құрылысы биыл маусымның соңына дейін аяқталмақ. Жауаптылардың айтуынша, бұл көпір келешекте көлік кептелісін азайтпақ және қаланың кейпіне көрік қосады.

«Жандосов көшесі мен көпір салу жоспарланып отыр. Өздеріңіз көргендей, қазіргі уақытта іске асып жатыр. Жалпы бұл жоба бірінші қыркүйекке дейін аяқталады. Сол кезде мына көше біріншіден кеңейтіледі, екіншіден көріктендіріледі», - деді Наурызбай ауданының әкімі Сайран САЙФЕДЕНОВ.

Өзен жағасына қоршаулар орнату жұмысы мен көпір құрылысының 95 пайызы бітіп тұр. Енді бір айдан соң өзен арнасының айналасы ретке келтірілмек.

Назкен Байтілес, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров