Алматылық кәсіпкерлерді Тұтынушылардың ақпараттық агенттік өкілі бопсалап келген

Алматылық кәсіпкерлерді Тұтынушылардың ақпараттық агенттік өкілі бопсалап келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абайлаңыз алаяқ тексеруші! Алматылық кәсіпкерлерді Тұтынушылардың ақпараттық агенттік өкілі бопсалап келген. Ол қаладағы ірі сауда кешендеріне негізсіз тексеру жүргізіп, келісім-шартқа отыруды ұсынған. Нәтижесінде, кәсіпкерлерге жақсы имидж қалыптастырып беруге уәде еткен. Мәселенің мән-жайын тілші тарқатсын.

Тұтынушылардың ақпараттық агенттігі бастапқыда халыққа  түсіндірме жұмыстарын жүргізуі тиіс болатын. Алайда, біраздан бері кәсіпкерлердің мазасын агенттік өкілі ала бастаған. Ол сауда кешендерін келіп, іші мен тауарлардың санитарлық норма сай екендігін тексерген. Кәсіпкерлердің ісінен олқылық тапқан тергеуші нәтижесін тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне жіберіп, агенттіктің сайтына саламыз деп қорқытқан. Оған қоса, сауда кешендерімен қомақты соммаға келісім-шартқа отыруды ұсыныпты. 

«Бізге келісім-шартқа отырайық деп үгіттеді. Алдағы уақытта да кезеңдік тексеру жүргізетіндіктен нәтижесі мемлекеттік органдарға шығып кетеді деп қорқытты. Біздің кемшіліктеріміз ұсақ. Онымен қоймай, бізге іші пысқан сатып алушылар да жиі тұтынушыларды қорғайтын мамандарды жібереді»,- деді Сауда орталығының сапаны бақылау бөлімінің басшысы, Эвелина ЖОЛЫМБЕТОВА.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне арызданушылар көп. Оның басым бөлігінің шағымы негізсіз болып шығады дейді мамандар. Кейбір арызда шағымданушының мекен-жайы, тіпті байланыс нөмірі де көрсетілмейді екен. Сондықтан, болашақта тұрақты шағым айтататындардың тізімі жасалмақ. 

«Жеке және заңды тұлғалардан шағым келіп түскенде біз оны қараусыз қалдырмаймыз. 2014-ші жылы тұтынушыларды қорғау департаменті мен аталған ақпараттық агенттік арасында меморандумға қол қойылды. Агенттік тек ақпарат таратуы тиіс. Сол сайт арқылы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз дегенбіз. Бірақ агенттік өкілеттіктерін басқа мақсатта қолданған»,- деді Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары, Мұрат БІРЖАНОВ.

Былтыр Алматыда мемлекеттік органдар 3500-ге жуық кәсіпкерлік нысанына тексеру жүргізіпті. Соның ішінде 2000-ға жуық заң бұзушылық әрекеттер анықталған. Бұл көрсеткіш 2015-ші жылмен салыстырғанда 2 есе артық.

Жадыра Омаржан, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы






Новости партнеров