|
20.12.2017 | 17:05
2943

Алматыда №22-ші бағытта қатынайтын автобустардың құрамы жаңарды

Алматыда №22-ші бағытта қатынайтын автобустардың құрамы жаңарды

Алматыда №22-ші бағытта қатынайтын автобустардың құрамы жаңарды. Су жаңа көліктер қала көшелерінде жолаушылар тасымалдайды. Қоғамдық көліктердің іші смарт техникамен толыққан. «Оңай» жүйесі де жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, кембағал жандар мен балалы аналарға арналған орындықтар, сырғытпа баспалдақта орнатылған. 12 қоғамдық көлікті сатып алуға 337 миллион тенге кетіпті.

«Қазір автобустар арасындағы жүру уақыты 10 минут. Келесі жылы №22-ші бағытта қатынайтын тағы 6 көлік сатып аламыз. Сөйтіп, интервал уақытын 7-8-ге қысқарту жоспарда бар. Бұл өз кезегінде жолаушыларға ыңғайлы болмақ»,-деді Компания директоры, Бауыржан ТӨЛБАСОВ.  

Қаперде болса, осыған дейін транспорттық реформа аясында №70,86,103,50,126 және 112, сондай-ақ 77-ші бағыттағы автобустар жаңарып, халық игілігіне берілген болатын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир