Алматыдан Қапшағай мен Ұзынағашқа пойыз қатынай бастады

Алматыдан Қапшағай мен Ұзынағашқа пойыз қатынай бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдан Қапшағай мен Ұзынағашқа пойыз қатынай бастады. Билет құны  небәрі 80 теңге тұрады. Бұл жолаушылардың шығынын әжептәуір үнемдемек.

Бірінші вокзалдан Алматы-Қапшағай, екінші вокзалдан Алматы-Ұзынағаш, сондай-ақ кері бағытқа қарай пойыз жүре бастады. Күніне екі реттен болатын рейспен кем дегенде 2 мыңнан астам  адам қатынай алады. Жолпұл құны небәрі-80 теңге тұрады екен. Мамандар бұл бастама қаладағы көлік кептелісін қысқартып, ауаның ластануын болдырмас үшін жасалып жатқандығын алға тартады.

«Осыған дейін тариф 600 теңге болатын Қапшағай бағытына, бірақ қоғам арасында ешқандай қажеттілікті туғызбады. Өйткені мұндай бағаға автобус немесе таксимен жетіп алуға болатын еді. Қазір келісім-шартты бес жылға жасастық. 5 жыл ішінде, жыл сайын 150 миллион теңге Қапшағай бағытына, 190 миллион теңге Ұзынағаш бағытына субсидия бөліп отырмыз», - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жетекші маманы Меруерт ИМАШ.

Бұл бастамаға бұқара да дән риза. Қаражатымызбен қоса уақытымызды да үнемдейтін болдық, дейді. Бір бағытқа жету ұзақтығы бір жарым сағатты құрайды. Оған қауіпсіздік деңгейін қосыңыз. Ал билет «оңай» төлем жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Қалаға жұмыс істеу үшін күніне шеттегі елді-мекендерден кем дегенде жарты миллионға жуық халық келеді екен. Оған қоса, 200 мың автокөлік онсызда темір тұлпармен тығындалған қалаға келіп қосылады. Егер жолаушылар саны едәуір артып жатса, қосымша рейстер немесе вагондар берілетін болады.

Әйкерім Ердәулетқызы, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы  


Новости партнеров