Әлемдегі ең үлкен құрақ көрпені тігу жұмысы қарқынды жүргізілуде

Әлемдегі ең үлкен құрақ көрпені тігу жұмысы қарқынды жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемдегі ең үлкен құрақ көрпені тігу жұмысы қарқынды жүргізілуде. Ол туынды жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталуы мүмкін, дейді ұйымдастырушылар. Шеберлер көрпені қала күні қарсаңында сыйға тартпақ. Наурыз мерекесінде Жібек жолы көшесінде 120 үстел қойылып, ең үлкен көрпені тігу шарасы жұртшылық назарына ұсынылған болатын. Сол уақытта оның ұзындығы 75 метрді құраған еді. Шеберлік сабақтарын еліміздің өзге өңірлерінен келген тігіншілер Анар Бексұлтанова және Жеңіскүл Дәулетова өткізді. Екі қолы жоқ шебер рекордтық құрақ көрпені тігу үшін арнайы келген.

«Өзім осы іспен айналысып жатқаныма 5 жыл болды. Осы жерге сол марафонға қандай да бір кішкене үлесімді қосуға келдім. Мейрам тамаша өтуде. Осы киіз үйдің ішінде мынадай жағдай жасалып, осындай құрақ құрап отырмыз. Алматы күніне дейін де тағы да ат салысамыз деген ойдамыз», - деді шебер ¤ Анар БЕКСҰЛТАНОВА (Тараз).

Атап өтерлігі, құрақ көрпенің жалпы көлемі 25 мың шаршы метрден аспақ. Осылайша, әлемдегі ең үлкен көрпе бойынша рекорд орнатқан Португалияның Порто қаласын басып озбақ. Оның көлемі 400 шаршы метрді құраған.

«Акцияға тұрғындар ерекше ілтипат білдірді. Оған қатысуға ниет білдіргендер де жетіп артылады. Қатысушылардың жалпы саны 7900-ді құрады. Шара аяқталғанда оның ұзындығы 575 метр құрады. Бұл дегеніміз 1437 және 5 шаршы метр», - деді Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бөлімінің меңгерушісі Наталья КОВАЛЕНКО.


Новости партнеров