Алматыда Жеңіс күнін атап өтті

Алматыда Жеңіс күнін атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жеңістің 72 жылдығын Алматыда 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары қарсы алды. Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, қанды соғыста қайтыс болғандарға тағзым етті. Қала көшелерімен «Қаһарман ұлт» шеруі жүріп өтті. Жеңіс күні жайлы келесі бейнематериалда.

Бір минут үнсіздікпен қан майданда қаршадай қырылған барлық батырларды еске алып, жеңіс күнінің 72 жылдығын панфилофшылар саябағына жиналғандар жанын қиған жауынгерлерге тағзым етумен қарсы алды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ардагерлерге деген құрметі мен құттықтау сөзін арнап, жеңіс жолында миллиондаған адамның құрбан болғанын тағы бір мәрте еске алып, ерліктерінің ел есінде екенін айтты.   

«Ардақты ардагерлер, Отан алдындағы борышын адалдықпен атқарып, асқан қаһармандық көрсеткен сіздер кейінгі ұрпаққа нағыз үлгісіздер. Қарулы күштер қатарында жүрген жас қырандар сіздерге қарап, бой түзейді. Біз, ең бастысы, бүгінгі бейбіт өмір үшін сіздердің әрқайсыңызға шексіз алғысымызды білдіріп, басымызды иеміз»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.

Құрметті қарауыл ротасының мерекелік шеруі өткеннен кейін Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі шараның ресми бөлімін жалғастырды. Одан кейін соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, мерекелік концертке ұласты. Қарақұрым халық қан майданда қаза болғандарды жылдағы әдетімен осы алаңға келіп еске алып жатады. Соғыстың ызғары еліміздегі барлық отбасыға тигені айтпаса да белгілі.

¤Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары ұлы миссия ретінде «Қаһарман ұлт» шеруіне қатысты. Бейбіт шеру Астана алаңынан басталып, панфиловшылар саябағына дейін жалғасты. Алаңға 70 мыңға жуық халық жиналып, қан қасапта ерлік көрсеткен ата-бабаларын, әке-бауырларының суреттерін алып жүрді. 

«46-шы жылға дейін болды менің әкем соғыста. Содан кейін біз туылдық, біз семья құрып әкеміз жақсы өмір сүрді. Артеллерист болды, үлкен орудиенің наводчигі болып соғысқа қатынасқан. Сапунгора деген жерде қатты соғыс болғанда  қасында жүрген жауынгерлер бәрі қырылып кетіп бірнеше ғана жауынгер қалған. Сонда менің папам сол күн менің туған күнім деп атайтын»,- деді Қала тұрғыны, Рәзия БҰРХАНОВА. 

Қала әкімі Бауыржан Байбек өз сөзінде қаламыздың 4800-ден астам ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, барша соғысқа қатысы бар азаматтарға материалдық көмек көрсетілуде деді. Оған қоса, жылда соғыс және еңбек ардагерлерінің ем-домы үшін санатория, емханаға жолдамалар таратылады. Айта кетейік, жеңістің 72 жылдығын Алматыда 504 соғыс ардагері қарсы алды. Жыл өте саны селдіреген қарттарды құрметтеуге аянбалық.

Әнуарбек Жәлел, Рашит Ильясов, Назкен Байтілес, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы 



Новости партнеров