|
07.11.2017 | 16:04
4583

Алматыда көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Алматыда көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Алматыда көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Енді келер жылдан бастап, жаңарған көшелерде декоративті алма ағаштары, акация, спирея, қарақат пен кеңтамыр гүл жарады. Қала әкімі Бауыржан Байбек мәслихат депутаттары мен қоғам өкілдері де осы шараға қатысқан болатын. 

Биыл қалада 26 мыңнан көп ағаш отырғызылса, тағы 5 мың жасыл желек егу жоспарланған. Жаңарған бес көшеде тағы да әртүрлі 2 жарым мыңға жуық ағаш, 3 мыңнан астам бұтақтар мен көптеген гүлзарлар егілмек. Қала басшысы әр тұрғынды осындай игі іске қатысуға шақырып, «Туған жер» бағдарламасы аясында кәсіп иелерінің тигізіп жатқан көмегін де атап өтті.

«Бүгінгі күні қала бизнесмендері «Туған жер» бағдарламасы аясында инфрақұрылымды жобаларға ғана емес, сонымен қатар ағаш отырғызуға да белсене қатысуда, ал бұл өте маңызды. Біздің әсем қаламыз бұрынғыдан да сұлу әрі жасыл желеккке молынан бөленуі үшін алматылықтарды осы бастаманы қолдауға шақырамын. Жазда көлеңке болады, балалар ойнайды, жақсы ғой»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.

Жалпы, жоба бойынша жаңарған бес көшеде аллеялы және пейзажды 2312 ағаш, 3 мыңнан астам бұтақтар мен көптеген гүлзарлар отырғызу жоспарланған. Ағаштың басым көпшілігі осы айда, ал қалғандары көктемгі маусымда отырғызылады. Жоба авторларының айтуынша, көктемге қарай алматылықтар керемет көріністің куәгері бола алады екен.

«Панфилов көшесінде ағаштардың гүлдену сәтін көруге болады. Көктемге қарай отырғызылған ағаштар керемет сурет сияқты әсер қалдырады деген оймен оларды қазір ектік. Сол кезде алматылықтар мен қала қонақтары бұл процессті дәстүрге айналдырады деген сенімдеміз»,-деді «Панфилов» жобасының сәулетшісі, Роман ШНАЙДЕРМАН.

Айта кетейік, биыл жүргінші көшелерінде ғимараттардың сыртқы келбеті әрленді, құрғақ субұрқақтар пайда болды, авторлық архитектуралық кіші пішіндер қойылды. Сонымен қатар, демалыс аймақтары, балалар алаңдары жасалып, жасыл желекті суару желісі жүргізілді.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир