|
22.08.2017 | 11:56
1676

Алматылықтар бір күнде 15 тонна қарбызды жеп тастады

Алматылықтар бір күнде 15 тонна қарбызды жеп тастады

Алматылықтар бір күнде 15 тонна қарбызды жеп тастады. Қалада алғаш рет қарбыз фестивалі ұйымдастырылып, оған тұрғындар жаппай ағылған еді. Мерекелік жәрмеңкеге келушілер түрлі сорттағы бақша өнімдерінің дәмін тегін татып, ұнағандарын сатып алып жатты. Шараға мыңнан аса алматылық қатысқан. Оларға Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген шаруалар қауын мен қарбызды нарықтағы құннан 30 пайызға арзан бағаға сатты.    


«Тауар өндірушілер қарбыздың 5-6 сортын, сонымен қатар, қауынның 7-8 сортын өздерінің сауда сөрелеріне қойған. Қала тұрғындарына сатылып жатқан бақша өнімдері нарықтағы бағадан 20-30 пайызға арзан саудалауда. Мұны арнайы жүргізген мониторг кезінде анықтадық», - деді Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Қанат КӘКЕН.


Жәрмеңкеге келушілер арасына арнайы сайыс та өткізілді. Олар аз уақытта кімнің қанша қарбызды түгесетінін анықтап, үзеңгі қағыстырған. Нәтижесінде Алматы тұрғыны бас жүлдені қанжығасына байлап, велосипед тақымдады.


«Жарыс бойынша 3 топқа төлініп, 4 кусок арбуздан жедік. Қарсыластарым мықты екен, бірақ бірінші орын алуға тырыстық», - деді қала тұрғыны Жанат ШҮНКЕНАЕВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир