Алматыда Елорданың 20 жылдығына арнап жұмыс жәрмеңкесі өтті

Алматыда Елорданың 20 жылдығына арнап жұмыс жәрмеңкесі өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы кезекті жұмыс жәрмеңкесі Астананың 20 жылдығына арналды. Бұл жолы мамандар жиналған жұртты 20 метрлік тортпен таңғалдырды. Оны 21 кондитер бір тәулік бойы пісіріпті. Аспаздарға еріктілер мен студенттер көмектескен. Биіктігі 10 сантиметр, салмағы 175 келі болатын тәттінің дәмін келгендер татып көрді. Ал жәрмеңкеде екі қолға бір күрек таппай жүргендерге 1000-нан аса жұмыс орындары ұсынылды. Игі дәстүрге айналған шараға түрлі саладағы 150 жұмыс беруші компания қатысты. Өз кезегінде, жастар жәрмеңкенің арқасында мамандық бойынша жұмыс табатынына сенімді.

«Біріншіден, жас мамандарға мүмкіншілік береді. Өз-өздерін. Қалай айтсам болады? Көбінесе интернет арқылы жұмыс іздеген кезде қазіргі заманда жас маман өзінің резюмесін жіберген кезде оны жұмыс берушілердің 70 пайызы қарастырмайды. Ал мындай жәрмеңкелердің арқасында адамдар келіп, жұмыс берушілермен тікелей орнасып, солармен сөйлесіп, өз-өздерін ұсынуына мүмкіншілік береді»,-деді Балғын ҚЫДЫРҚОЖА. 

Алматыда жұмыссыздар тізімінде 9500-ден аса адам тіркеуде тұр. Биыл жыл басынан бері 500-ге жуық адам тұрақты, ал 170-тей азамат уақытша жұмысқа тұрыпты. Сондай-ақ 700 шақты адам қысқа курстарды аяқтаған. Ұйымдастырушылар келушілер санын көбейту мақсатында енді жәрмеңкені жиі көшелерде өткізіп тұрмақ.

«Бұл негізі әрі қарай жалғасады. Өзіңіз көріп отырсыз. Мерекелік ұйымдастырылып жатыр. Енді жылдың басында біз ғимараттардың ішінде ұйымдастыратынбыз. Жаңағы жоғарғы оқу орындарында, жұмыс берушілердің ғимараттарында ұйымдастырамыз. Бұл енді халыққа жақындау көшелерде ұйымдастырып жатырмыз. Жалпы бізде 5 жәрмеңке ұйымдастырылды»,-деді Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Дәуірбек ӘБУОВ.


Новости партнеров