Зағип жандар арасында «Абай оқулары» фестивалі өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде алғаш рет зағип жандар арасында «Абай оқулары» фестивалі өтті. Шара қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күні қарсаңында ұйымдастырылған. Байқау түрінде өтетін фестивальге биыл 30-дан астам зағип жан қатысуға ниет білдіріпті. Оның арасынан 14 үздік іріктеліп, басты жүлде үшін тағы бақтарын сынап көреді. Фестиваль «Абай шығармаларын жатқа айту, қара сөздерінен, «Абай жолы» эпопеясынан үзінді оқу, әлем тілдеріне аударылған шығармаларды оқу сияқты бірнеше кезеңдерден құралған. Ал жеңімпаздар қалалық «Абай оқулары» шарасына жолдама алып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Бұл фестивальдің мақсаты - ұлы данышпан, ойшыл Абай Құнанбаевтың 172 жылдығына арналған шара. Сол кісінің әдеби-мәдени мұрасын, мемлекеттік тілімізді зағип оқырмандар арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Келесі жылы құдай қаласа, республикалық деңгейде өткізсек пе деп отырмыз», - деді  зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана директоры Ерлікбай ӘЛІМҚҰЛОВ.


Новости партнеров