Мешіттерде жиналған садақа қаржысы бойынша есеп алынуы мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді мешіттерде жиналған садақа қаржысы бойынша есеп алынуы мүмкін. Бұл туралы қалалық наиб имамдармен өткен семинар барысында айтылды. Қоғамдық кеңеске қатысушылар садақа жәшіктерінің ашық болуы керек деген пікірде. Екі күнге жалғасқан кездесуде діни экстремизм мен терроризмге қарсы имамдардың біліктіліктерін арттыру жайы қаралды. Шаһарымызда қазір 47 мешіт болса, онда 130 имам қызмет жасайды.  Жиында Елбасының мақаласындағы дінге қатысты мәселелер дін өкілдеріне түсіндірілді.

«Қоғамдық кеңес бар, қоғамдық келісім бар. Біз соны әрбір мешітте болса екен деген ұсыныс жасадық. Қаншама адам өзінің қаражатын үнемделуі мүмкін, сотқа дейін шешілмей жатқан дүниелерді шешіп, келісімге келуге мүмкін. Сондықтан әрбір мешітте сондай бөлме ашып, алдын ала ушықтырмай келісімге келтіріп, атсалыссақ  деп отырмыз», - деді Қоғамдық кеңестің мәдени саясат жөніндегі комиссия төрағасы Құсман ШАЛАБАЕВ.


Новости партнеров