Қазақ Ұлттық Аграрлық университетін ақша бопсалау мен әлімжеттілік дендеген

Қазақ Ұлттық Аграрлық университетін ақша бопсалау мен әлімжеттілік дендеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ Ұлттық Аграрлық университетін ақша бопсалау мен әлімжеттілік дендеген. Бұл туралы Дидар Болысбектің өліміне қатысты сот отырысында 1-ші курс студенттері мәлімдеді. Айтуларынша, бұл бірнеше мәрте қайталанған жағдай. Ал іске тек Тойчибек Асамовтан бөлек тағы 6 адамның қатысы бар болуы мүмкін.

17 жастағы студент Дидар Болысбектің өліміне қатысты сот отырысында алдымен жәбірленуші тарап жауап берді. Алғаш сөз алған - марқұмның әкесі. Бірінші процесске келмегенін, сот болатын туралы хабар кеш жеткенімен түсіндірді. Қайырбек Нәбиев ұлының әлі күнге дейін неден қайтыс болғанын және оған нақты кімнің себепкер екенін білмейтінін айтады. Осыған дейін университет басшылығы марқұмды жүрек талмасынан қайтыс болды десе, ұлымен бірге оқитындар 2 курс студенттерінен әлім-жеттік көргенін ашық айтып отыр.

«Мен барғаннан кейін мені кіргізбейді. Ана арада айтқанға ұят. Анау экспертизаның нелері жүгіріп жүр. Былай да бір былай да жүгіреді. Кімнен қорқып жүргенін білмеймін. Баламның өлгеннен кейін осы жерде жоқ қой. 7 бала деп аталған басында. Алтауы жоқ. Негізі менің білетінім мұның алдында Досбол деген жігіт ұрған. Оның алдынан бастап Ерлан деген жігіт. Алмас, Самғат дей ма сол үшеуі Бауыржан үш жігіт»-, деді Дидар Болысбектің әкесі, Қайырбек НӘБИЕВ.

Ал прокурор Тойчибек Асамовқа тағылған айып пен марқұмның өліміне себеп болған жайттарды егжей-тегжейлі оқып берді. Онда марқұмның кеуде тұсына ауыр соққы жасалғандықтан, жүрегі тоқтап қалған делінген. Десе де, артылған жазаны 2-ші курс студенті мойындамады. 

«Асамов Тойчибек қорқытып алу, күш қолдану, бөтеннің мүлкін қорқытып алған. Яғни ҚҚ 190 бабы 2 бөлігі 1 тармағында көрсетілген қылмысты жасаған. Өзінің қылмыстық іс-әрекетін тоқтатпай істеген іс әрекеті үшін жазаланбаған. Асамов қасақана қылмыс жасаған»,- деді Бостандық ауданының бөлім прокуроры, Аслан ӘДІЛХАНОВ.

Сот тергеуінде 1-ші курстың 7 жәбірленушісі жауап берді. Айтуларынша, оқуға түскен уақытта 2-ші курс студенттері оларға жиналыс өткізіп, бұйырғандарын істеуді талап етіпті. Кейін наурыз айында бір рет ақша жинап әкеткен көрінеді. Бірақ сәуірде Дидардың группаластары оларға ақша бермеуге бекінген. Содан кейін балалар арасында шу шығыпты. Сотта жәбірленушілердің жауаптары бастапқыда бергендерімен мүлде сәйкес келмей шықты. Тергеуші барлығының жауабын қиналмастан айна қатесіз көшіре салғанға ұқсайды.

«Арамызда отырғанда Дархан сен жина деді. Жинамаса не болады дегенде, жинамасаң егер де зорлық көрсетеміз дегендей айтты. Және де біз оны жинап бердік. Екінші рет жина дегенде біз қарсылық көрсеттік. Оның біз ақшасын жинап берген жоқпыз. Досбол бәрімізді бір соққыдан ұрып шықты. Артынша Тойчибек келіп, қатарыннан қатты соққымен балаларды ұрып келеді. Сол кезде Дидар бауырым 4-ші ма 5-ші ма болып тұрады. Қатарынан 1-2 удар береді және ұрады. Құлаған кезде 2 удар береді. Дидар бауырымыз сол жерде қайтыс болып кетті»,- деді Жәбірленуші, Дархан НҰРМАТ.

Марқұм Дидар Болысбектің туған туыстары жазаға тек Тойчибек Асамовтың тартылғанына көңілдері толмай отыр. Өйткені, бүгін 1-ші курс студенттерінің берген жауаптарында әлім-жеттік көрсетіп, ақша бопсалаған балалардың саны 7 болған. Сондықтан, туған туыстары әділ жаза шықпай қалама деп қорқады.

Жадыра Омаржан, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров