Алматыда жауынның салдарынан тау бөктеріндегі қабақ опырылып түсті. Құлаған топырақ сол маңдағы тұрғын үйлерді зақымдай жаздаған. Бірақ, кесірінен баған құлап, телефон желісі істен шыққан көрінеді. Жапа шеккен ешкім жоқ. Қазір, төтенше жағдай орын алған аймақ тазаланып, жағдай қалпына келтіріліп жатыр.
«Мен осында 10 жылдан бері тұрамын. Мұндай жағдай бірінші рет орын алып тұр. Топырақ тура менің есігімнің алдына құлады. Бұрын жол жиегін өзім шама-шарқым жеткенше бетонмен бекіткен болатынмын. Соның арқасында топырақ тек жолға сырғып, үйіме кірмеді»,- деді Қала тұрғыны, Ерлан ӘЛІМХАНОВ.
Ал, синоптиктер алдағы аптада да жауын болады деп отыр. Сондықтан, төтенше жағдай режімі сақталады - дейді, мұнда тынбай жұмыс жасап жатқан құтқарушылар. Мамандар тау бөктеріне жақын орналасқан үйлер мен топырақты жарқабақтарды тексеріп шықпақ. Дегенмен, тұрғындарға қауіптенуге негіз жоқ.¤
«Жоғарғы жағынан түгел тексеріп мониторинг жасап жатырмыз. Тексеру жүргізіліп жатыр. Таудың мына бөктері кесілген жер ұзындығы 500 метрдей. Енді оның барлығы түгелдей қауіпті деп айта алмаймыз, оның әрқайсының өзінің қауіпті жерлері бар»,- деді, Кеңесжан КҮНЕСБАЙ.