Алматыда кішкентай қызды көлігімен қағып қашып кеткен

Алматыда кішкентай қызды көлігімен қағып қашып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда кішкентай қызды көлігімен қағып қашып кеткен қаскөй арада бір күн өткен соң қолға түсті. Ал 7 жастағы қаршадай бүлдіршін алған жарақаттан көз жұмды. 1 сыныптың үздік оқушысы  Айнар  4 жасар інісі мен анасының көз алдында көлікке жаншылып, қиналып қаза болған. Ал №185 мектептің мұғалімдері мектептің жанында балалардың  көлік астына жаншылу  оқиғаларының бұған дейін де болғанын айтады. Ал Алатау аудандық әкімдігі қауіпті жолдың жанына тратуар орнатуды әлі күнге қолға алмаған.

Қош бол, Айнар, Қоштасады көкте күн,Қоштасады жылап соңғы көктемің,  Жанымызға қатты батты Ботақан, Келмей жатып, бұл өмірден өткенің!  Айнарды жоқтау өлең жолдарын орыс тілі пәнінің мұғалімі шығарыпты. 1 сыныпта оқысада  өзінің зерек, әрі биязы, қайырымдылығымен көзге түсіп, ұстазының ғана емес мектеп ұжымына ұнап үлгерген Айнарға арналған өлең жолдарын оқыған ұстаздар мен оқушылар қайғылы қазаға әлі сене алмай жүр. Көздері жасқа буланған ұстаздар бүлдіршін арманын  қағазға түсіріп, шағын эссе жазатын дейді. ¤

«Әдемі, сабаққа да үлгерімі жақсы болатын. Өмірге сондай құштар бала болатын. Бәрін уақытылы орныдап, уақытылы өткізіп, әрібір айтқан сөзге жауапкершілікпен қарайтын. Жарысқа қатысса бірінші орын алатын. Өзі 1 сынып болсада , эссе жазып, анам, әжем, інім бақытты болса екен деген еді",- деді Марқұм Айнардың сыныпжетекшісі, Әйгерім МАНАТ.    

Жол апаты шамамен кешке сағат жетілер шамасында "Алғабас" ықшамауданының Тәуелсіздік көшесінде, мектептің дәл жанында болған. Кешке ұлы мен қызын жетектеген   жалғызбасты ана дүкенге шыққан. Бірақ, Mazda көлігімен зулаған есерсоқ жетектегі қызды анасының қолынан жұлып әкетіп, он метрге дейін сүйрепті. 44 жастағы апталдай азамат зардап шегушілерді көлікке отырғызып, емханаға жол тартады. Жолай тағы өзге көлікпен соқтығысып, қатарынан екі рет апатқа ұшыраған жүргізуші өзіне соғылған адамнан баланы емханаға жеткізуін өтініп, өзі соңынан  баратындарын айтады. Бірақ, сасқалақтаған адамдарды пайдаланған  ол іле ізін жасырған.  

«Қазіргі таңда, қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша жауапкершілікке тартылуда. Бұрын мүлікті ұрлағаны үшін сотталған 1994 жылы. 345 баптың 3 тармағы бойынша 7 жылға дейін, оқиға орнынан кету дерегі бойынша 3 жылға дейін жаза қарастырылған»,- деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.   

Қызды қаққан көліктің мазда екенін ғана білген адамдар қорқып жүріп жігіттің бейнесін де, машинаның  нөмірін де естеріне сақтамаған. Арада бір тәулікке жуық уақыт  өткенде із кескен полицейлер қашқынды  Алғабаста жалдамалы пәтерде  тығылып жатқан жерінен тапқан. Ал мектеп директоры көшеге тратуар мен жарық жасауды Алатау аудандық әкімдігіне әлі күнге айтып келеміз дейді. 550 оқушыға арнап салынған мектепте қазір 1750 бала екі ауысыммен оқиды. Түстен кейін тарайтын балалар мектептен кешкі  сағат 7-ден дейін бірақ шығады екен. 

Қаршадай қызды анасы мен інісінің көзінше қағып, қазаға ұшыратып, артынша қашып кеткен  трагедиялық оқиға кешке осы жерде болған. Мектеп мұғалімдері оқушыларды қағу оқиғасы алғаш рет тіркеліп отырған жоқ дейді. Тек былтырғы оқу жылынан бері 4 оқушы көліктің астына түсіпті. Мектептің жанында жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырмау керек деген белгінің қойылғанына қарамастан жауапсыз жүргізушілердің қатты, жылдам жүруі мен жарықтың болмауы осындай оқыс оқиғалардың болуына себеп болып отыр.


Новости партнеров