|
25.04.2017 | 10:45
2068

Астанада «Әкімшілік заңбұзушылықтарды тіркейтін біріңғай база» таныстырылды

Астанада «Әкімшілік заңбұзушылықтарды тіркейтін біріңғай база» таныстырылды

Жұлдызды сәт. Жаңа қызметке белсенді кіріскен Бағдат Мусин әріптестеріне жаңа жобаны таныстырды. Құқықтық статистика және арнаулы  есепке алу комитетінде оған «әкімшілік заң бұзушылықтарды тіркейтін біріңғай  база» деген атауда қойып үлгеріпті. Бұл қосымша арқылы  кез келген көлік  жүргізушісі жол жүру ережесіне қатысты айыппұлдарды, мемлекет алдындағы берешегін дәл сол кезде төлей алады. Бастысы жеке сәйкестендіру нөмірін білсе болғаны.

«Бұл қосымша менің ойымша полиция қызметкерлері үшін қолында жүрген қаруынанда қымбат болмақ. Себебі бұл жүйе  арқылы  барлық құжаттар бір арнаға тоғыспақ. Мына жерге мен жеке сәйкестендіру нөмірімді енгізе аламын. Ол жол полицейлеріне көмек болмақ. Біз өз тарапымыздан Астана әкімшілігіменде келістік», - деді ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат МУСИН.

Бағдат Мусиннің келуімен ведомствоның жұмысы жаңа бағытқа өзгере бастады. Осыдан бірнеше ай бұрын ол отандық  кәсіпкерлерге қолдау көрсету мәселесін де көтерген еді. Қолға алынған «Қамқор» бағдарламасы бизнесмендердің құқығын қорғауға септігін тигізбек.

«Ең алдымен біз кәсіпкерлерге көмек ретінде «Қамқор» қосымшасын іске қосқанды жөн санадық. Бизнесмендердің 95 пайызында смартфон бар деп ойлаймын. Яғни, оның кез келгені осы қосымшаны көшіріп алғаннан кейін, алдағы уақытта болатын тексерістер жайында хабардар болып отырады. Егер құзырлы орындардың тексеруімен  мен қосымшадағы ақпар сәйкес келмесе онда тексеру заңсыз болып есептеледі. Дәл сол кезде кәсіпкер  шағымдана алады. Әрі қарай біз істі өз қолымызға аламыз», - деді ҚР Бас прокуратурасының  құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат МУСИН.

Кәмилә Исламованың кәсіпкерлікпен айналысқанына біраз жыл болыпты.  Комитет төрағасы ұсынған  «Қамқор» қосымшасы жайында құлағдар екен.Оның айтуынша, бұл жоба алаяқтардан қорғануға көмек болмақ.

«Бұл қосымша алаяқтар мен жемқорлыққа алып келетін жағдайларды жоюға  көмегін тигізеді деп ойлаймын. Демек, мен тексеру келген кезде қосымша арқылы оның заңды, заңсыз әрекет екенін біле аламын. Мен жаңа жоба жайында өз танысымнан естідім. Ол да тағамтану салысында еңбек етеді. Соның кеңесі бойынша, өз телефоныма орнаттым», - деді кәсіпкер Кәмила ИСЛЯМОВА.

Қазіргі кезде өз-өзіне қол жұмсау  фактілері төмендей бастаған.Бұл туралы  Бағдат Мусин өзінің  әлеуметтік желідегі  парақшасында мәлімдепті. Оның айтуынша, өткен жылы 931 қайғылы жағдай орын алса, биыл 850  жағдай тіркеліпті. Ол тіпті  осы жағдайды бақылайтын арнайы мемлекеттік  орган құруды ұсынған еді. Бірақ ол ведомства қалай жұмыс істейтіні жайлы ақпарды нақтыламады. Сонымен қатар, Мусин жақында  қылмыстық істер жайында ақпар беріп, қорғаушыларға септігін тигізетін бірыңғай электрондық жүйенің жобасын ұсынған болатын, бірақ іске қосу уақыты белгісіз. Ал, әкімшілік айыппұлдарды тіркейтін бірыңғай  база Астана қаласында  маусымның бірінен бастап жүзеге аспақ.

Назым Мәлікқызы, Қобыланды Өтегенов, «Алматы» телеарнасы Астанадан


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир