|
19.06.2017 | 11:00
2741

Астанада «Дю-Солей» циркінің 71-ші қойылымы басталды

Астанада  «Дю-Солей» циркінің 71-ші қойылымы басталды

Аты аңызға айналған «Дю-Солей» циркінің 71-ші қойылымы басталды. «Экспо 2017» көрмесі аясында елімізге алғаш рет ат басын тіреген цирк өнерінің майталмандары қазақ жұртын өз өнерімен тәнті етпек. Арнайы жабдықталған павильонның ішіне 2000 адам жайғасқан. Кешеннің ішіндегі атмосфера ерекше сияқты. Толық аншлаг десек артық айтпағанымыз. Себебі, бұл күнді адам ерекше күткен еді. Дәл қазіргі сәтте , мәдени шараның басы қасында жүрген әріптесім Назым Мәлікқызы, халықтың көңіл күйін жеткізуге дайын. Назым қайырлы кеш! Бұл шараны бүкіл халық болып асыға күттік. Көптің  көңіл күйі қалай?

Қайырлы кеш Ануар! Шынында да бұл ерешке толғандыратын күндердің бірі. Жалғыз біз үшін емес, елімізге алғаш келіп отырған Канадалық әртістерге де жаңа бір бағыт. Өзгеше талпыныс. Себебі, олар әр нөмірлеріне тынғылықты дайындалған. Әр қимылдан қалт кетпеуі тиіс. Өйткені, өнер иелері бастарын қауіпке тігіп, сақтандыратын белдіксіз шықпақ. Мүмкін осы да қызықтырған болар, отандастарымызды. Билет сататын орындарда адам саны шексіз. Осыған орай,бізде халықтың пікірін сұрап, білген едік.

Дю Солей циркінің эксклюзивті  «Рефлект»  деп аталатын шоу-бағдарламасы арнайы «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай ұйымдастырылған. Демек, мұндай қойылымды Астанаға келген әрбір көрерменнің көпке дейін көкейінен кетпесі анық. Әрі, басқа еш жерде қайталанбайды екен. Демек, көрген де көрмегенде арманда шығар. Нөмірлердің басым бөлігі, шығыс стиліне бейімделіпті. Одан өзге, Алтын адам мен самрұқтың бейнесі, дәл осында көрініс таппақ.

«Цирк әртісі ретінде мен үшін, Дю Солейдің келуі, киноиндустриясында «Оскар» алумен тең. Осы циркте жұмыс істеу кез-келгеннің арманы. Бұл жерде менеджер болып жұмыс істеп, Экспо көрмесі аясында біріге қызметтес болу үлкен мәртебе. Өйткені, бұл шоу біздің тарихымызды баяндайды. Қалыпты қойылымдардан өзгерек. Мен тіпті қарапайым ерікті болсам да, осы топтың жұмысын көргеніме қуанар едім»,- деді Цирк әртісі, ¤Мұрат МҰТҰРҒАНОВ.

Өнер ордасының тарихына қысқаша шолу жасар болсақ, ол - 1984 жылы құрылған. «Дю Солейді» француз тілінен аударғанда «Күн циркі» деген мағынаны білдіреді екен. Бір ерекшелігі өнерпаздар қойылымдарына жануарлардың көмегіне жүгінбейді. Негізгі ерекшелігі де осы болса керек. Онда 4000-ға жуық адам еңбек етеді. Жылдық табысы 600 миллион доллардан асып жығылады.

«Біздің халыққа паш етер өнеріміздің 16 маусым күні тұспа тұс келуі бекер емес. Себебі, циркке 33 жыл толып отыр. Осыдан 33 жыл бұрын алғашқы қойылым көрсеткен едік. Қазақстанға бірігей, қайталанбайтын сахналық шоу алып келдік. Барлығы адам қолымен, мамандар күшімен жүзеге асады. Сценарий жазу үшін, біздің режиссерға қазақ халқының мәдениеті мен тарихын зерттеуге тура келді. Бізді сақтардың тарихы таңқалдырды. Жылқыны қолға үйретулері тіптен тамаша»,- деді «Дю Солей» циркінің маркетинг бөлімінің директоры, Мари ГАНЁН.

Қосымша ақпар! Аталмыш циркті «Экспо» көрмесіне шақыру, байланыс орнату шаралары 2 жыл бұрын басталған. Тек бір жылдан кейін ғана  келісім-шартқа қол қойылыпты. Содан бастап, дайындық жұмыстары 9 ай жалғасқан. Көрме аясында өткізілетін қойылымға 38 адам ,ал шоуды ұйымдастыруға сол жақтан шамамен 160 маман жұмылдырылған. Сондай-ақ, әр қойылымдарды домбыра үнімен сүйемелдеп отырады. Өнер-әлемге ортақ деген осы болса керек. Ануар, менің айтарым осы. Сөз тізгіні өзіңде.

¤

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир