|
24.01.2017 | 09:47
2797

Атлетикалық ауылдың алғашқы тұрғындары қоныстанды

Атлетикалық ауылдың алғашқы тұрғындары қоныстанды

Атлетикалық ауылдың алғашқы тұрғындары қоныстанды. Алдағы 28 дүниежүзілік қысқы универсадаға арнап бой көтерген қалашық универсиада ойындарының тарихындағы жаңашылдық. Себебі, бұған дейін ешбір жерде универсиада ойындарында спортшыларға арналған қалашық бой көтермеген  еді. 

Қазақстан спортның ақсақалы - Жақсылық Үшкемпіровтың ақ батасымен түндігшін түрген атлетикалық ауылға спортшыларымыздың алғашқы легі қоныстанды. Спортшылар ауылының мэрі Серік Сапиев, жайлы мекен жақсы нәтиже көрсетуге септеседі деп үмітенетінін жеткізді. 

«Шеттен келген қонақтарға жоғарғы деңгейде қызмет көрсетіледі. Атлетикалық ауылда фитнес орталық та, футбол алаңы да, дүкендер де бар. Тіпті, оқулыққа құмар жандар үшін кітапханалар да жұмыс істейді. Тоқ етері - спортшыларға тиісті жағдай жасалады»,- деді Олимпиада чемпионы, атлетикалық ауылдың мэрі, Серік САПИЕВ. 

Үлкен дода алдында осындай спортшылар мекенінде орналсудың маңыздылығын атап өткен Настя, алдағы жарыста қоныстың қалай әсер ететінін байқайтын боламын дейді. 

«Атлетикалық қалашықта спортшылардың жарысқа деген психологиялық дайындығы жақсара түседі. Бұған дейін осы орынның қандай боларын барлығымыз болжап жүр едік. Енді, міне, өз көзімізбен көргеннен кейін көңіліміз толып отыр»,- деді Шайбалы хоккейден ҚР құрамасының мүшесі, Анастасия ОРЛОВА. 

Қысқы спорт додаларына ұқсас атлетикалық қалашық көрмегенін конькимен жүгіру спортының ардагері де атап айтты. 

«Жазғы спорт түрлерінде қалай екенін білмеймін, бірақ, қысқы спорт түрінде осындай зәулім атлетикалық қалашықты салып отырғанын алғаш рет көріп отырмын. Заманауи, ыңғайлы және бастысы - барлық керек жарақ ұтымды орналасқан»,- деді Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Людмила ПРОКАШЕВА. 

Ертеңнен бастап атлетикалық қалашыққа басқа елден келген спортшылар да біртіндеп қоныстана бастайды. Айта кетейік, қала әкімдігінің шешімімен атлетикалық ауылдағы үйлер әлеуметтік баспананы алу үшін кезекте тұрған азаматтарға үлестіріледі.

Әнуарбек Жәлел, Рашит Шүкіралиев, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир