11 жасар Өркен Азаматұлын өлтірткен өгей шешеге үкім шықты. Жантүршігерлік қылмысқа түрткі болған келіншекке сот 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол айыбын қауіптілігі орташа мекемеде өтейтін болды. Осы іске қатысы бар оның екі баласы мен көлік жүргізушісіне де заң бойынша ауыр жаза тағайындалды. Дегенмен, Өркеннің анасы Темір Ақбердиевке берілген айыпқа көңілі толмады.
Жарыссөздегі соңғы сөзін бүгінге қалдырған басты айыпты Шәрипа Ақбердиева бұл жолы басқаша сайрады. Ол жазасын мойындағанмен, бар кінәні өз ұлы Темір Ақбердиев пен өгей баласы Қадыржан Гулямовқа тақты. Тіпті екеуіне прокурор сұраған жазаға тағы 5 жыл қосуын сұрады. Айтуынша, қос ұлы полицияға шындықты айтамыз деп бар айыпты аналарына жапқан көрінеді. Ал судьядан сот залынан қылмыстық іске қатысы жоқ деп қызы Айдана Ақбердиеваны босатуын өтінді.
«Жәбірленушілер ретінде өкілдерінің келіспей тұрғаны Ақбердиев Темірдің үкіміне 23 жыл. Негізінде ер болғанына кейін оған одан да көп беру керек деп тұрмыз. Басқаларына келісіп тұрмыз. Неге десеңіз ол сондай қатыгездік. Кішкентай баланы бесеуі жабылып, қасқыр қой жегендей болып тұр да»,- деді Жәбірленушілердің қорғаушысы, Айман ОМАРОВА.¤
Сот өгей шешенің туған ұлы Темір Ақбердиевке 23 жыл, өгей баласы Қадыржан Гулямовке 12 жыл, қызы Айдана Ақбердиеваға 16 жыл, ал қылмыстық істе көлік тізгіндеп көмектескен Руслан Муталиповке 17 жыл берді. Сонымен қатар, оның авто көлігі тәркіленді.
«Сот үкім етті. Ақбердиева Шәрипа Жұмағалиевна ҚҚ 99 бабы 2-ші бөлігі 3-ші, 7-ші,14-ші, 19-шы тармақтарымен 125 бабы 2-ші бөлігі, 1,5 тармақтарымен, 132 бабы 4-ші бөлігімен кінәлі деп танылсын. 25 жылға бас бостандығынан айырылу, жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіптілігі орташа мекеде өтеу тағайындалсын»,- деді Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, Берікжан БАЙЖҮНІСОВ.
Шәрипа Ақбердиева мен Азамат Кемпірбаевтың некесінен 2013-ші жылы туған Нұрай есімді қызды әжесі қарауына алды. Ал Азаматтың атына жазылған 2007-ші жылы туған Дінмұхаммед жетімдер үйіне өтпек. Үлкен балаларының қолын қанға бояп, кәмелеметтік жасқа толмаған екі бүлдіршінді жетім қалдырған келіншекке ауыр жаза берілді. ¤
«Біздің қазақстанда әйелдерге өмір бақи бас бостандығынан айыру деген заңда жоқ екен. Сондықтан, ең көп мерзімі 25 жыл боп саналып тұр екен. Заң бойынша. Сол үшін мен ойлаймын, қазақстан заңына оны кіргізу керек. Ал мына Темір деген баласына 23 жыл бергені? Оған одан да көп беру керек еді. Қалғандарына мен қанағаттанамын»,- деді Ө. Азаматұлының анасы, Айжан ҚЫДЫРМОЛДАНОВА.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 19-шы қаңтарда орын алған еді. 11 жасар Өркен Азаматұлы сол күні мектептен кейін үйіне қайтпай, жоғалып кеткен болатын. Тек екі тәуліктен кейін ғана Алматы облысындағы саяжайлардың бірінен оның мәйіті табылды. Кейін белгілі болғандай, өгей шешесінің тапсырмасымен балалары Өркенді бірнеше жерінен пышақтап, жіппен буындырып тастаған.
Жадыра Омаржан, Әсет Құндақпаев, «Алматы» телеарнасы