ҚТЖ пойыз апатынан қаза тапқан жасөспірімнің туыстарына көңіл айтты

ҚТЖ пойыз апатынан қаза тапқан жасөспірімнің туыстарына көңіл айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысының аумағында рельстен шығып кеткен «Астана-Алматы» пойызының барлық жолаушысы Шу стансасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Пойызда 829 жолаушы болған. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, жарақат алған үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Пойыздың барлық жолаушысы Шу стансасы жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, психологиялық қолдау жасалды. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Жолаушыларды діттеген жерлеріне жөнелту жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаза тапқан азаматтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендерге тезірек сауығып кетулерін тілейді», - делінген компания ақпаратында.

Компания мәліметінше, еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес зардап шеккен барлық жолаушыға қажетті көмек көрсетілетін болады. Апат салдарын жоюға Шу мен Сарышаған стансасының қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылған. ҚР ИДМ Көлік комитеті жанынан құрылған арнайы комиссия тексеру қорытындысы бойынша пойыздың рельстен шығу себебін жариялайтын болады.


Новости партнеров