Қажылыққа елімізден 2 жарым мың адам аттанады

Қажылыққа елімізден 2 жарым мың адам аттанады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл қажылыққа елімізден 2 жарым мың адам аттанады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Меккеге жол жүретін отандастарымызға қызмет көрсететін 16 туристік компанияны іріктеп қойған. Одан бөлек, биыл алғаш рет отандық әуе компаниясы қандастарымызды қасиетті орынға тасымалдайды. Қажылыққа аттанғандарға арнайы комиссия баскөз болады.

«Қажылық миссиясының құрамында - дәрігерлер тобы, журналистер тобы, сонымен бірге уағызшы имамдар. Дәрігерлер тобына арнайы сол Мекке Мединадан жедел-жәрдем көлігі бөлінеді. Одан бөлек осы отанымыздан сол бүкіл қажыларға жеткілікті деңгейдегі қажетті деген дәрі-дәрмектердің, басқа да медициналық құрал жабдықтарды өзімібен бірге ала кетеміз миссия»,- деді ҚМДБ өкілі, Жанділдә БЕКЖІГІТОВ.

Қазақстандық  азаматтар Меккеге тікелей әуе рейспен тамыздың 22-сі мен 25-і аралығында Астана, Алматы мен Шымкент қалаларынан аттанады. Еске салайық, былтыр Сауд Арабиясынан біздің елге 3 мың квота бөлінген еді. Соның арқасында 2800 отандасымыз бес парыздың бірін өтеп келген. 

Новости партнеров