Алматыдағы инновациялық көрмеде мегополистің ерекше суреттерін тұрғындар стендтерден тамашалады

Алматыдағы инновациялық көрмеде мегополистің ерекше суреттерін тұрғындар стендтерден тамашалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда алғашқы сандық көрме ашылды. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында бірінші рет мегаполистің фотосуреттері және заманауи теледидарлар қойылған инновациялар көрмесі өтті. Панфилов көшесіндегі арнайы стендтерден тұрғындар қаланың жоғары сапалы суреттерін тамашалай алады. Сондай-ақ көрмені ұйымдастырушы Samsung электроникс компаниясы оңтүстік астананың бірегей фотосуреттерін, яғни, қаланың ең танымал жерлері мен тұрғындардың күнделікті өмірін көруге болатын «Алматыда бір күн» атты кітап-альбомын ұсынды. Ал озық үлгідегі теледидарлар көрменің ерекшелігіне айналды. Дәстүрлі іс-шара инновациялық көзқарастың арқасында қонақтарға ерекше әсер қалдырды.

«Алматы қаласы мың бояулы қала. Мың мүмкіндіктердің үлкен қаласы. Тек Алматылықтар ғана емес бүкіл қазақстандықтар осы қаланы сүйеді. Бүгінгі көрме Алматы қаласын одан әрі дамытуға, көркейтуг ,халықаралық деңгейде оны насихаттауға оның үлесі зор деп ойлаймын»,-деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Samsung электроникс және Алматы қаласының әкімдігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар денсаулық сақтау, білім беру, «жасыл» технологиялар, сондай-ақ «ақылды қала» жобасын дамыту аясында ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды белсенді дамытуды жоспарлап отыр.

«Біз Оңтүстік Астананың жыл сайын дамып, көркейіп келе жатқанын көріп, қуанамыз. Және біз бұл өзгерістерге ықпал етуге ниеттіміз. Осындай инновациялық көрмені ашқанымызға қуаныштымыз. Бұл да цифрландыру бағдарламасының бір бөлігі болады деп ойлаймын»,-деді компания президенті Юн Чоль ВОНГ.


Новости партнеров