|
14.12.2016 | 11:40
2336

Медеу ауданында тәуелсіздік күні аталып өтті

Медеу ауданында тәуелсіздік күні аталып өтті

Еліміз Тәуелсіздік алғалы үлкен жетістіктерге жетті. Әлемнің алпауыт елдерімен терезесін теңестірді. Бұл Медеу ауданында аталып өтілген мерекеге келген ұстаздар пікірі. Ауданда елдің гүлденуі мен көркеюіне үлес қосқан тұлғалар марапатталып, білім, денсаулық мәдениет саласының бірқатар үздіктеріне мерейтойлық төс белгілер тағылды.

«Еңбегіміз еленіп жатса, біздің халқымызға әлі де береріміз мол деп ойлаймын. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оларды егеменді еліміздің ертеңі болуы үшін, ертеңіміздің іргесі шайқалмауы үшін еңбек етуге әрқашан да дайынбыз», - деді  Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназияның директоры Рахима СӘКЕНОВА.

16 желтоқсан тек қазаққа ғана ортақ, Ұлы дала елінің ұлық мерекесі. Ал, осы күннің қалай келуін бүгінгі ұрпақтың жадына жаттату үшін көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Әуезов ауданында мерекелік шара Сац атындағы балалар және жасөспірімдер Мемлекеттік академиялық орыс театрында өтті. Мұнда да әлеуметтік, экономикалық дамуға үлес қосқан 20-дан астам азамат марапатталды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир