|
04.01.2017 | 10:07
2486

Париж түтін қаласы деген атауға ие болды

Париж түтін қаласы деген атауға ие болды

Париж ғашықтар қаласы деген атақпен қатар, түтін қаласы деген атауға ие болды. Осы айда Франция елінің астанасында соңғы 10 жылда қыс мезгіліндегі ең лас ауа тіркелді. Көрсеткіш кезекті антирекордқа жеткен. Бұл жағдайды өзгерту үшін қала басшылығы көлікті жүргізуден  уақытша бас тартқан жергілікті тұрғындарға тегін тұрақтарды ұсынуда. Бұған дейін полиция темір тұлпар иелеріне көлікті жалғыз емес, топтасып жүруге және қозғалыс жылдамдығын төмендетуге кеңес берген еді. Қоғамдық көлікке отыруға да шақырды.


Парижде қаңтар айының ортасынан бастап, көлікке эко жапсырма жабыстыру жүйесі енгізілмек. Онда көліктің қолдану уақыты мен көліктен шығатын зиянды қалдық көлемі көрсетіледі. Бұған дейін Париж басшылығы қала орталығында ауаны ластайтын көліктің жүруіне шектеу қойған болатын. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир