|
26.01.2017 | 09:31
2551

Алматыда кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Алматыда кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Алматыда кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл шараның ерекшелігі ол тек әйелдерге арналып ұйымдастырылған.  Жыл басынан бері "Жұмыспен қамту орталығына" 213 адам жүгінсе, оның 68-і нәзік жандылар екен. 

Жәрмеңкеге қажетті маман іздеген 32 мекеме 162 жұмыс орнын ұсынды. Қызмет іздеп келгендердің ішінде мұғалімдер мен дәрігерлер де жетіп артылады. Алматылық тұрғын Эльвира Кеңесбаева 1 жылдан бері қызмет таппай жүр. Химия мамандығы бойынша білім алған келіншек бұған дейін мектепте сабақ беріп, зертханадада жұмыс  істепті.  Оның мұндай жәрмеңкеден күтері көп. 

«Менің ниетім бар. Осы жәрмеңке маған жұмыс табуға көмектеседі деген ойдамын»,- деді Алматы қаласының тұрғыны, Эльвира КЕҢЕСБАЕВА. 

Қазір еңбек нарығында негізінен қызмет көрсету саласы, білікті дәрігерлер мен мұғалімдерге сұраныс көп. Қаладағы өндірістік кәсіпорындар мен құрылыс компанияларының қала берді кадр агенттіктерінің мамандарға мұқтаж екенін аңғаруға болады. Жыл басынан бері, қалалық жұмыспен қамту орталығына 213 адам жұмыссыз ретінде тіркелген.

«Негізінен 25 жас пен 45 жас аралығындағы адамдар солар келіп хабарласады. Сол кісілерді біз жұмысқа орналасуға көмектесіп жатырмыз. Енді 45 жастан асқаннан кейін ары қарай азаматтар бар олар егер жұмысқа орналаса алмаса біздегі уақытша жұмыс орындары бар. Әлеуметтік жұмыс орындары бар, жастар іс тәжірибесі бар. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыс орындары бар. Соларға тарта отырып оларды да жұмыспен қамтимыз»,- деді Алматы қаласы «Жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысының орынбасары, Керімқұл ЖЕКЕТАЕВ. 

Өткен жылы Алматы қаласы «Жұмыспен қамту орталығы» 12 бос жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырған. Мұндай шара 8 мыңға аса адамды қызметпен қамтуға септескен.

Перизат Көмекбайқызы, Әсет Құндақбаев, «Алматы» Телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир