Қазақстандық кәсіпкерлер арасында байланыс артпақ. Сөйткенде, отандық бизнес жемісті болмақ. Ал, сырттан тауар тасымай, жергілікті билік керісінше ел ішіндегі іскер азаматтармен табысуды әлде қайда тиімді деп отыр. Мәселен, күнбағыс майын өндірушілер импорттық шемішке тасымалдағанша, елдегі ұқсас бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, нәтижесінде қолжетімді және бағасы әлдеқайда арзан өнім тұтынуына болады. Мұндай мысал Түрксіб ауданында өткен алқалы жиында айтылды. Қазір осы аудандағы күнбағыс майын өндіретін зауыт Орталық Азия елдеріне, Қытай және Иранға тауарын экспорттап жатыр.
«Біздің бизнес үшін маңызды болған жаңалық - биліктің қабылдаған жаңа бағдарламасы. Яғни, алдағы 5 жылда күнбағыс өсіруге қолдау көлемді болмақ. Бұл әсіресе Алматы облысындағы шаруаларға қарасты болып отыр. Алдағы бес жылда егіс аумағы жүз мың гектардан екі жүз мың гектарға дейін артуы мүмкін», - деді кәсіпкер Нұржан ҚОЖАМҰРАТОВ.