|
28.02.2017 | 10:10
2022

Полицияға бағынбаған BMW жүргізушісі қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін

Полицияға бағынбаған BMW жүргізушісі қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін

Әлеуметтік желіні шулатқан тағы бір видео! Бұл жолы есірткі затын қабылдап, темір тұлпар тізгіндеген жүргізушінің айласы іске аспады. Бірақ тәртіп сақшыларын әбден әбігерге салды. Ал, заңгерлердің пікірінше, бұндай қадамға барып отырғандарды қатаң жазалау керек дейді. Себебі, қылмыстық жазаға тартылмаса өзгелерге сабақ болмайды деп отыр.  

Бұл видеоға қарап отырып шетелдік экшн кинолар еске түседі. BMW автокөлігін тізгіндеген жүргізуші он шақты тәртіп сақшыларына бағынбай, көлікті ұршықша иіріп жатқан сәті. Әбүйір  болғанда жарақат алып, жапа шеккендер жоқ. Оқиға сенбі күні таңғы сағат тоғыздар шамасында Төле би-Яссауи көшелерінің  қиылысында болған. Тәуекелге белбуған азаматтың қулығы іске аспады. Оқиға орнында құрықталды.  

Өзін үттен ақ, судан тазамын деп отырған бұл азамат медициналық сараптаманың шығарған қортындысына аң-таң. Тек өзінің іші сезетін көрінеді. Ал, жиырма жылдан бері заңгер болып қызмет атқарып келе жатқан Азат Файзуллаевтың пікірінше, бұндай жүргізушілерді қатаң жазалау керек дейді. Себебі, өзгелерге сабақ болуы тиіс.

«Бұл видеоны жақсылап көріп шықтым. Яғни, тәртіп сақшыларына пысқырмай қашып құтылудың әрекетін жасап жатыр. Заң бойынша қатаң жазалау керек. Меніңше әкімшілік жаза емес, қылмыстық іс қозғалады деп отырмын. Жазаланбаса өзге жастарда бұны қайталайды. Қазақ елінің ата заңын сыйлап, темірдей тәртібіне басымызды иуіміз қажет», - деді  заңгер Азат ФАЙЗУЛЛАЕВ.

Ал, құқық қорғау мамандары бұл іске қатысты қылмыскер айыппұл төлеп, жазадан оңай құтылып кете алмайды дейді .

«Бұл азаматқа қатысты оқиға орнында екі әкімшілік хаттама толтырылды. Содан кейін тәртіп сақұшыларына бағынбай қарсылық көрсетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды», - деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Есірткі затын пайдаланып, аймен күннің аманында темір тұлпар тізгіндеген жүргізушінің тағдыры қалай болатыны әзірге уақыттың еншісінде. Тек отандық заңгерлер бұндай қадамға білек сыбанып барғандар түрлі амал-айламен құтылып кетпесе деп отыр .



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир