Теміртау балабақшасында баланы буындырған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Теміртау балабақшасында баланы буындырған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Теміртаудағы балабақшалардың бірінде ұйқысы келмеген баланы тұншықтырған 50 жастағы тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл күллі жұртты дүр сілкіндірген кадрлар биыл мамыр айында түсіріліпті. Дегенмен, әлеуметтік желіге 27 тамызда жүктелген. Онда ұстаздың төсекке аяғын тіреп қойып, балдырғанның бетін көрпемен қымтай жауып отырғаны анық көрінеді.

Ал бейнажазба кезінде баланың бар даусымен жылап, босанып шыққысы келгені естіледі. Қазіргі уақытта полицейлер видеоны зерделеп, жұмысына салғырт қараған тәрбиешіден жауап алуда.

«Жауап алу барысында анықтағанымыздай, тәрбиеші шынымен де, баланы ұйықтата алмаған. Бала жылап, төсектен төсекке секіріп, тәрбиешіге бой бермегендіктен көрпемен бүркеп тұншықтырғандығы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Бүгінгі таңда аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 140-шы бабының 2-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бахытжан ҚҰДИЯРОВ.


Новости партнеров