|
26.04.2017 | 10:29
2300

Алматыда алпыс мың мүгедекке небары 7 инватакси қызмет етеді

Алматыда алпыс мың мүгедекке небары 7 инватакси қызмет етеді

Алматыдағы алпыс мың мүгедектің жүріп-тұруына жағдай жасалмаған. Мүмкіндігі шектеулі жандарды таситын инватаксидің саны қала көлемінде небары 7-еу ғана. Бұл мәселе «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының кезекті жиынында көтерілді. Қалалық мәслихат депутаттары құрылыс, денсаулық сақтау және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары басшыларының есебін тыңдады. Екі сағатқа созылған талқыда мүгедектердің мүмкіндігін шектейтін сан  түрлі мәселе айтылды. Қаладағы инвотаксилер тек  жұмыс күні ғана шақыруға келеді. Әрі олардың құны да қымбат. Кембағыл жандар көшедегі автобустарға мүлдем міне алмайды. Тіптен жаңадан салынып жатқан нысандардың өзінде қоғамнан оқшауланып қалған жандарға қарапайым жедел саты мен пандустар қарастырылмаған.

«Мектепте лифт салуға сараптама жүргізетіндер мүлдем рұқсат бермейді. Мен екі жыл бұрын төрт қабатты балабақша салдым.  Ол жерде бюджеттен қаржы жұмсамай, өз қаржымызға саламыз десек те бізге үш рет рұқсат бермеді. Мектеп құрылысы кезінде де лифтіге рұқсат бермеді», - деді «Нұр Отан» партиясының қалалық мәслихатындағы депутаттық фракция жетекшісі Мұрат ӘДІЛХАНОВ.

Мәслихат депутаттары қалалық құрылыс және денсаулық сақтау басқармасының жұмыстарында қатаң сынға алды. Мәселен Наурызбай ауданындағы мектептерге жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарына қыруар қаржы жұмсалғанмен, сапасы сын көтермейді. Қыс ортасында жүргізіліп, қатып қалған сылақ күн жылына қайта түсіп жатыр. Мұндай  жағдайлар жергілікті ауруханалар мен тұрғын үй саласында да кездеседі. Тіптен мәслихат депутаттары бөлінген қаржыны жұмсап тастап, қайта қаржы сұраудан ұялмайтын, әрі тапсырысты өздері берседе, жұмыстың қалай аяқталғанымен таныстапаған басқарманың басшылары үшін ұялатындарында айтты.

«Денсаулық сақтау орындарында не қаралатынының бәрі көрсетілген. Мынау тыңдап отырғанның өзі ұят екен. Бұл қалай? Тапсырыс беруші болып тұрып, не істеліп жатқанын барып қарамау деген болмайды.  Ертең оны алып тастағанда оған қайтадан қаржы жұмсалады. Сондықтан кішкене жауапкершілікпен қарау керек», - деді ҚР Еңбек ері Аягүл МИРАЗОВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир