|
29.08.2018 | 18:25
2786

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы мейрамда Алматыда ауа-райы қандай болмақ? Қазгидромет мамандары нендей болжам жасап отыр? Бұл туралы Қазгидромедтің Алматы қаласы бойынша филиалының инженер-синоптигі Дәулет КИСЕБАЕВ айтып бермек.

– Дәулет мырза, демалыс күндері Алматы тұрғындарын қандай күн райы күтіп тұр?

–  Ертең Алматы қаласында ауа райы жаман болады. Өткінші жаңбыр жауады. Жел соғады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 13, 15 градус жылы, күндіз 23, 25 градус жылы болады. Жұма күні түнде өткінші жаңбыр жауады. Күн ашық болады. Ауа температурасы түнде 11, 13 градус жылы, күндіз 23, 25 градус жылы болады. Қыркүйектің 1-3 аралығында қалада күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауады. Жел соғады. Ауа температурасы  түнде 10,15 градус жылы, күндіз 20,25 градус жылы болады.

– Ал таулы аймақтарда күн райы қандай болмақ. Медеу мен Шымбұлаққа барып демалғысы келетіндерге қандай кеңес бересіздер?

– Таулы аймақтарда күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауады. Жел соғады. Ауа температурасы биік таулы аймақтарда түнде 0 градустан төмен болады. Күндіз 3,8 градус жылы болады. Ал Шымбұлақ пен Медеу жақта ауа температурасы қалаға қарағанда 10 градусқа төмен болады. Өздерімен бірге жылы киім алуға кеңес береміз.

– Дәулет мырза, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге рахмет!  



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир