|
01.08.2018 | 11:21
1996

«Бір белдеу – бір жол»: Қытайда 14 мыңға жуық қазақстандық білім алуда

«Бір белдеу – бір жол»: Қытайда 14 мыңға жуық қазақстандық білім алуда

«Бір белдеу – бір жол». Дәл осы бағдарлама бойынша Алматыға Гонконгтан студенттер мен журналистер келді.

Шетелдік меймандар Қазақстандағы білім беру  процесімен танысып, ақпараттық технологиялар саласындағы жаңалықтарымен бөлісуді мақсат тұтыпты.

«Бір белдеу – бір жол» жобасы экономикалық интеграция орнатуға бағытталған. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті цифрлы Қазақстанға білікті мамандар даярлап келеді. Делегацияны қабылдаған осы оқу орны болашақта студенттерге екі диплом алу мүмкіндігін қарастыруды жоспарлап отыр. Бүгінгі кездесу соның алғы шарты. 

«Гонконгтың үздік деген университеттерінен келіп отыр студенттер. Өздеріңізге белгілі әлемдік білім рейтингісінде олар алдыңғы қатарда. Қазір екі ел арасындағы уағдаластыққа сәйкес, Қазақстанда қытайлық 1300 студент, аспан асты елінде 14 мыңға жуық қазақстандық білім алып жатыр», – деді Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир ШЫНЫБЕКОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Қытай
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир