Алматы тұрғындары мен қонақтары өткен демалыс күндері Грузияның жетекші драма театрының өнерін тамашалады. Астананың 20 жылдығы қарсаңында елімізге арнайы келген ұжымның қойылымдарын қазақстандықтар үлкен ықыласпен көрді. Бұл - Шота Руставели атындағы Грузия мемлекеттік театрының Алматыға гастрольдік сапармен тұңғыш рет келуі. Өнер ұжымы алматылықтарға «Заңдастырылған құқық бұзушылық» қойылымын ұсынды.
«Бүгін «Заңдастырылған құқық бұзушылық» спектакьлін қойып жатырмыз. Мен басты рөлдегі кейіпкердің әйелінің рөлін сомдадым. Қазақстандықтар бізді жылы қарсы алды. Алматыға келіп, сіздердің сахнада өнер көрсеткенімізге өте қуаныштымыз. Сіздердің театрларыңыз, мәдениеттеріңіз маған қатты ұнады. Алдағы уақытта тағы да келеміз деген ойдамыз»,-деді Шота Руставели атындағы Грузия мемлекеттік театрының актрисасы Екатерина Мендешвели.
Гастрольдік сапар Астананың 20 жылдығына және қазіргі заманның көрнекті режиссері Роберт Стуруаның 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Спектакльдер екі күн бойы Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының сахнасында қойылды.
«Біздің дәл қазіргі көңіл-күйімізді, қалай қобалжып тұрғанымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Өйткені Алматыда біз бірінші рет өнер көрсетіп жатырмыз. Баршаңызды Астананың 20 жылдығымен құттықтайамыз. Қазақстан өсіп- өркендей берсін!»,-деді Шота Руставели атындағы Грузия мемлекеттік театрының директоры Георгий ТАМЗАДЗЕ.