|
15.05.2017 | 10:49
1896

ЭКСПО-2017 көрмесіне шетелден келген делегаттар өз павильондарын таныстыруда

ЭКСПО-2017 көрмесіне шетелден келген делегаттар өз павильондарын таныстыруда

Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне 26 күн қалды. Қазірден бастап шетелден келген делегаттар өз павильондарын таныстырып жатыр. Мәселен, Германияның көрме алаңы көлемі жағынан ең үлкен павильондардың бірі болмақ. Ауқымды нысан бірнеше алаңқайға бөлінген. Бірінші залда көпшілік назарына әлем картасы ұсынылады. Кез келген азамат экспонат туралы мәліметпен арнайы таратылған электронды кілт арқылы таныса алады.

«Германия павильонының жалпы аумағы 1700 шаршы метрді құрайды. Павильонның тағы бір бөлігінде дүкендер ашылады. Онда келушілерге немістің ұлттық тағамдары ұсынылады. Естелік ретінде сатылатын кәдесыйлар да көп болмақ. Сондай-ақ мәдени шаралар да жоспарланған», - деді EXPO-2017 Германия павильонының комиссары Дитмар ШМИТЦ (Германия).

Ең қызықтысы «Энергетикалық шоу» залы болмақ. Ұйымдастырушылар лазерлік шоуға қонақтардың барлығын қатыстыруды жоспарлап отыр. Смарт кілттерде жиналған энергия зарядталған жарық импульсіне түрленіп, лазерлік шоуға ұласады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир