|
17.08.2018 | 13:14
2690

Қала күніне қарай Алматы мейрамханаларында алма мәзірі пайда болады

Қала күніне қарай Алматы мейрамханаларында алма мәзірі пайда болады

Алматыда қала күні мерекесіне орай, мегаполис мейрамханаларында алғаш рет арнайы алма мәзірі пайда болатын болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Алматыда 25 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында шаһардың 1002 жылдығы атап өтіледі. Әкімдік қала мерекесі аясында мейрамханалар мен кафелер арасында негізгі ингредиенті оңтүстік астананың символы саналатын жеміс – алма қосылған ең үздік ас мәзіріне байқау жариялап отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Алматының туған күнінде шаһардағы ең озық шеф-аспаздар жаңа тағамдар мәзірін әзірлеп, өз мекемелеріне келушілерге ұсынатын болады. Олар сондай-ақ, мұндай ерекше жобаға қазірдің өзінде 30-дан астам мейрамхананың қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Байқауға қатысушылар «Ең үздік алма мәзірі», «Ең үздік алма сусыны», «Ең үздік алма салаты» және «Ең үздік алма десерті» номинациялары үшін сайысқа түседі.

«Біз барлық рестораторларды алма негізіндегі жаңа тағамдар, сусындар мен тоқбасарлар жасауға шақырамыз. Жалпықалалық байқауға қатысып, бақ сынап көріңіздер, сіздердің аспаздық қиялдарыңыз бен шеберліктеріңіз жеңісті орынды ұтып алуы мүмкін. Сіз ұйымдастырушылар тарабынан тек жүлделер алып қана қоймай, 2018 жылдың 14-15-16 қыркүйегінде ауқымды түрде атап өтілетін Қала күнінде мейрамханаңызды, бар немесе кафеңізді танытудың бірегей мүмкіндігіне ие боласыздар. Алматы – алманың отаны. Онда неге Алматы кафелері мен мейрамханаларында алма негізінде жасалған тағамдар тым аз? Бәріміз бірге Алматыны алма тағамдарының астанасы етуге атсалысайық», – дейді Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасындағылар.  

Жеңімпаздар үшін басты жүлде – мейрамхананың қала медиабордтарына бір жыл бойы жарнамаланады, сол мейрамхана ұжымы Алматының туристік орындары бойынша Team-билдинг жүргізеді және «Алматы» телеарнасындағы жарнамалық бейнероликтердің бір жылдық айналымына ие болады.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир