|
21.07.2017 | 12:37
1536

Елімізде 900-ге жуық мемлекеттік қызметкер пара алған үшін темір торға тоғытылған

Елімізде 900-ге жуық мемлекеттік қызметкер пара алған үшін темір торға тоғытылған

Қазақстанда жарты жылда 900-ге жуық мемлекеттік қызметкер пара алған үшін темір торға тоғытылған. Сома көлемі миллион теңгеден асып жығылады. Бұл деректерді Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті төрағасының орынбасары Айгүль Шаимова мәлімдеді. Ол сонымен қатар, шенділер жалақысын да сөз етті. Белгілі болғандай, мемлекеттік қызметкерлердің айлығы бұдан былай жұмыс нәтижесіне байланысты болмақ. Осыған орай, жалақы төлеудің өзіндік әдіс-тәсілдері дайындалған. Алғашқысы - тұрақты бекітілген айлық. Ол қызметтік деңгейге қарай төленеді. Келесі жағдайда - қосымша бонустар беріледі.

«Мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы нәтижелі жұмыс атқарылуда. Арнайы стратегиялық жұмыстар қолға алынған.Оның ішінде ақпардың шынайылығы мен уақыт ескеріледі»,- деді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, Айгул  ШАИМОВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир