|
31.07.2018 | 12:15
1868

Алматы облысында 3 жасар қызды ұрлаған күдікті ұсталды

Алматы облысында 3 жасар қызды ұрлаған күдікті ұсталды

Алматы облысында 3 жасар қызды мешіт маңынан ұрлап кеткен 56 жастағы ер адам ұсталды. Тәртіп сақшылары күдіктіні жарты сағаттың ішінде қолға түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Іле аудандық полициясына 2015 жылы туылған кішкентай қыз баланың жоғалғаны туралы хабар келіп түсті. Аталған факті бойынша іздеу жұмыстарына полицияның жеке құрамы толық жұмылдырылып, «жедел іздестіру шаралары барысында баланы жетектеп әкеткен адамның түр-тұрпатына бағдар берілді. Сол бағдар бойынша 30 минут ішінде полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адам қолға түсірді. Бала аман-есен ата-анасымен қауышты», –  деп мәлім етті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының мәліметіне сәйкес, оқиға 30 шілде күні Алматы қаласы маңындағы ірі елді мекендердің бірінде болған. Сол күні кешке әкесімен бірге мешітке барған қыз баланы белгісіз біреу алып кеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир